БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ

Қазақ балалар әдебиетінің әлемі жас оқырмандарға халық аңыздар мен батырлық жырлардың бай мұрасын таныстырады. Мұнда қазақ мифтері, батырлар жыры және көне аңыздар, ерлік рухы мен ата-баба даналығы көрініс тапқан басқа да шығармалар топтастырылған. Бұл туындылар балаларға төл мәдениеттің көркемдігін сезінуге және халықтың рухани мұрасына жақындауға мүмкіндік береді.

Айша-биби

Айша бибі

Ертеде Тараз қаласын Қарахан есімді жас, әділ әрі батыр билеуші басқарған екен. Ол халқының қамын ойлап, елін сыртқы жаудан қорғаған. Осылайша батырлары мен ақсақалдарының зор құрметіне ие болған. Бір күні тағдыр оны шалғайдағы бір ауылға алып келеді. Сол ауылда Айша атты сұлу қыз өмір сүріпті. Оның сұлулығы елге аңыз болғанымен, жұрт ең алдымен ақылдылығын, ибалылығын және айналасына деген мейірімін ерекше бағалайтын.
Толығырақ →
Ақсақ құлан

Ақсақ құлан

Жошы ханның маңдайына біткен жалғыз ұлы құлан аулауға құмар екен дейді. «Құлан аулау қоян аулау емес, қауіп-қатері көп» деп хан оны аңға жалғыз жібермейді екен. Күндердің күнінде ханзада әкесінен ұрланып, аңға бір өзі шығып кетеді, бір жерлерге келгенде жайылып жүрген бір үйір құланды көреді. Қуанғаннан екі көзі жайнап, қорамсағынан сұр жебесін суырып алады да, жазықсыз жануарларды қынадай қырады. Қырудың қызығына түсіп кеткен ол, оғының таусылғанын да білмей қалады, ханзаданың қауқарсыз халін сезген көсем құлан оны қос өкпеден қос аяқтап теуіп, айдалада өлтіріп кетеді.
Толығырақ →
Мудрое слово юного Айтеке

Әйтеке бидің бала кездегі төрелігі

Ертеде Ұлы жүздің атақты биі Төле бидің көршісі Қалмамбет деген ағаштан түйін түйетін шебер ұста болыпты. Бір күні ол Төле бидің үйінің сыртында өскен қисық қайыңды кесіп алып, әдемі ер жасап шығады. Ерді көрген Төле би: – Бұл ер маған тиесілі. Өйткені ағаш менің үйімнің жанында өскен. Қаласаң, еңбегіңнің ақысын төлейін, – дейді. Бірақ Қалмамбет: – Қайың ағашы жалғыз емес қой. Ұнатқан ағашыңнан өзің де ер жасат. Бұл ерді бермеймін, – деп көнбейді. Екеуі дауды шешу үшін жолға шығады. Жол үстінде Төле би: – Алысқа бармай-ақ, алдымыздан кездескен адамға төрелік айтқызайық, – дейді. Қалмамбет келіседі. Көп ұзамай олар жылқы бағып жүрген жасөспірім балаға жолығады. Бала үлкендерге сәлем беріп, олардың дауын тыңдайды. Алғашында: – Менен гөрі үлкен кісілерге барғандарыңыз дұрыс шығар, – деп тартынғанымен, Төле би оның ақылдылығын байқап, төрелік айтуын өтінеді. Сонда бала екеуінің тымақтары мен қамшыларын алдырып, ортасына ерді қояды да: – Қапталың – қайың, қасың – тал, Қалмамбет соққан бір ерсің. Үйсіннен шыққан Төлесің, Қу ағашқа таласып, Не бетіңмен келесің? – деп әділ сөзін айтады. Бұл төреліктен кейін Төле би ұялып, баланың тапқырлығына тәнті болады. Оның аты-жөнін сұрағанда: – Атым – Әйтеке. Алшын елінің баласымын, – деп жауап береді. Сөйтіп, жас кезінен-ақ әділдігімен танылған Әйтеке кейін қазақтың үш ұлы биінің бірі атанып, елге сыйлы тұлға болған екен.
Толығырақ →
Боритостаган

Бөрітостаған

Ертеде Тарбағатай тауларының бірінде алып денелі кейуана өмір сүріпті. Оның жайылып жүрген қалың қойы болыпты. Кейуана күн сайын қойын кең жазыққа шығарып, өзі тау басында отырып ұршық иіретін көрінеді. Бірде ыңылдап ән айтып, ойға шомып отырған сәтінде жайылып жүрген қойларының арасы дүрлігіп кетеді. Қараса, тау шатқалынан шыққан аш бөрілер отарды айналшықтап жүр екен
Толығырақ →
Жетіген

Жетіген

Ерте заманда бір көпті көрген көнекөз қарттың жеті ұлы болыпты. Жетеуі де елге қорған, жұртқа пана болғандай атпал азаматтар екен. Сол заман жаугершілікке толы, тынышсыз кез болса керек.
Толығырақ →
Жиренше шешен мен хан

Жиренше шешен мен хан

Заман қадымда қазақ жұртында Жиренше шешен деген данышпан кісі өмір сүріпті. Бірде сол замандағы хандардың бірі оны сөйлетіп көру үшін шақыртқан екен.
Толығырақ →
Жумбактас

Жұмбақтас

Ертеде Көкшетау өңірінде дәулеті асып-тасқан бір бай өмір сүріпті. Оның мыңғырған малы, шалқар жайлауы, үлкен әулеті болыпты. Бірақ жалғыз қызын бар байлығынан да артық көретін еді. Ел ішінде ол қыздың сұлулығы ғана емес, ақыл-парасаты мен тәрбиесі де ерекше айтылатын. Қызы бойжеткен соң, бай оны атағы шыққан, ауқатты әулеттің ұлына қосуды ұйғарады. Мұндай құдалық әулетінің мерейін үстем етіп, дәулетін арттыра түседі деп сенеді.
Толығырақ →
Кәрібоз бен Салторы

Кәрібоз бен Салторы

Ертеректе жүйрік атты жазбай танитын сыншы, атбегі болыпты. Оның өзімен бірге қартайған Кәрібоз деген жүйрігі болса керек. Кәрібоз құнанынан бастап қартайғанға дейін рулы елдің ішінде болған ірілі-уақты барлық тойда алдына ат салмаған жүйрік аталады. Кәрібозды көріп талай той иесі бәйгесін шаппай беріпті.
Толығырақ →
Келиншектау

Келіншектау

Ертеде Қаратаудың баурайында елге сыйлы, дәулетті бір бай өмір сүріпті. Бар байлығынан да артық көретіні – жалғыз қызы екен. Ол қызын ештеңеден кем қылмай, бар жиғанын соған арнайды. Қызы бойжеткенде алыс ауылдың бір тәрбиелі, текті жігіті құда түседі. Бай келісімін беріп, қыз ұзату тойына дайындала бастайды. Ол қызының ұзату тойы ел аузында қалсын, ал жасауы ханның қызынан кем болмасын деп ниет етеді.
Толығырақ →
Қарлығаш әулие

Қарлығаш әулие

Ел басына күн туған, жаугершілік заманда қазақ даласы талай қиындықты бастан кешкен. Сондай ауыр кезеңдердің бірінде Ұлы жүздің бас биі, дана шешен Төле би елін аман алып қалудың жолын іздеп, сабыр мен ақылға жүгінген екен.
Толығырақ →
Қорқыт ата туралы аңыз

Қорқыт ата туралы аңыз

Қорқыт өлімге бойсұнбай, ажалдан құтылудың жолын іздеп, дүниенің төрт бұрышын кезеді екен. Бірақ қай жерге барса да, алдынан қазылып жатқан көрді көреді.
Толығырақ →
Майқы би

Майқы би

Қазақ арасында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл сөз бар. Халық бұл сөзді бекер айтпаған. Ел аузындағы аңыздарда Майқы би аса дана, көреген адам болғаны айтылады.
Толығырақ →
Окжетпес

Оқжетпес

Ерте-ерте, ертеде Көкшетаудың қалың орманының арасында, тұнық Әулиекөлдің жағасында шағын ғана ауыл болыпты. Ел іші мал бағып, бала тәрбиелеп, құтты қонысының ырыс-берекесіне тәубе етіп өмір сүрген екен. Бір күні сол ауылдағы бір шаңырақта ерекше бір ұл дүниеге келеді. Сәби күнінен-ақ оның өзгелерден күшті екені байқалады. Жыл өткен сайын бойы мен қайраты да қатар өсіп, алып тұлғалы азаматқа айналады.
Толығырақ →
Тарғыл тана

Тарғыл тана

Ертеде Қорқыт ата Желмаясына мініп, қолына қара қобызын алып, ел аралап жүреді екен. Ол адасқанға жөн көрсетіп, қиналғанға ақыл айтып, болашақты болжайтын көреген жан болыпты. Көргені мен сезгенін қобыздың қоңыр үніне қосып, күй арқылы жеткізеді екен.
Толығырақ →
Тауқұдірет

Тауқұдірет

Есте жоқ ескі заманда домбырада жалғыз ғана ішек, ал тауқұдірет құсында жалғыз ғана қанат болыпты. Тауқұдіреттің жалғыз қанаты еркегінің оң жағына, ұрғашысының сол жағына бітеді екен. Домбыра бір ішекпен үн шығарып тұрса да, іштей бір нәрсенің жетіспейтінін сезеді. Ал тауқұдірет болса күндіз-түні Тәңірге мұңын айтып, көк жүзінде еркін қалықтап ұша алатын қос қанат сұрап, «құдірет-ау, құдірет» деп жалбарына береді.
Толығырақ →
Толағай

Толағай

Бұрынғы өткен заманда үлкен өзеннің бойында Саржан Томанышұлы деген атақты аңшы өмір сүріпті. Оның Айсұлу атты жары болған екен. Күндердің бір күнінде Айсұлу дүниеге ұл әкеледі. Қуаныштары қойнына сыймаған ата-ана елді жинап, үлкен той жасап, сәбиге Толағай деп ат қояды.
Толығырақ →
Шайтанколь

Шайтанкөл

Ерте заманда Қарқаралы тауларының жартастары мен қарағайлы ормандарының арасында бір тылсым көл болыпты. Бұл көлге бірде-бір өзен құймайтын, одан ешбір өзен бастау алмайтын. Соған қарамастан, көлдің суы ешқашан тартылмай, аптап ыстықтың өзінде мөлдірлігі мен салқындығын жоғалтпайтын.
Толығырақ →