ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

Сізді ұмытылмас саяхат күтіп тұр

14

14 наурыз - Сәлемдесу күні және Амал дәстүрі: үлкендерді құрметтеу, реніштерді кешіру, мейірімділік.

Album Art

Ұлы дала мәдениеті

Қазақстан Еуразияның қақ ортасында, сауда ғана емес, сонымен қатар әртүрлі халықтар арасындағы мәдени және ғылыми жетістіктермен де белсенді алмасуға мүмкіндік беретін стратегиялық жерде орналасқан. Түркі тектес «қазақ» сөзі «еркін адам» дегенді білдіреді, ал Қазақстан — тарихта еркіндікті сүйетін көшпенділер мекендеген ел. Ұлы Жібек жолы қазақ жері арқылы өтіп, бұлғын терісі, алтын, дәмдеуіштер мен жібек Сібірден шексіз дала арқылы тасымалданды. Осылайша, Қазақстан Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі сауда аймағына айналды. Азия мен Еуропа арасындағы мәдени және сауда-экономикалық байланыстардың маңызды буыны бола отырып, Қазақстан өңірдің мәдени баюы мен экономикалық дамуына ықпал етті.

Төрт мезгіл, үш дәуір: «Астана Опера» Музыка күнін қалай атап өтеді?

Жыл мезгілдерінің ауысуы секілді бір тақырып музыкада мүлде әрқалай өрілуі мүмкін. Вивальди үшін бұл – барокконың мөлдір сазы мен табиғаттың қозғалысы, Астор Пьяццолла үшін – Буэнос-Айрестің отты мінезі мен танго ырғағы, ал Макс Рихтер үшін – бірнеше ғасырдан бері таныс музыкаға бүгінгі көзқарас.Жыл мезгілдерінің осы үш түрлі музыкалық бейнесі 1 қазанда Күләш Байсейітова атындағы камералық залда өтетін «Скрипка. Төрт маусым» концертінде тоғысады. Кеш Халықаралық музыка күніне арналады.Жеке партияларды «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен скрипкашы Әнел Шәкірова орындайды. Театрдың камералық оркестріне Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдин дирижерлік етеді.«Біз музыканттар үшін бұл – қадірлі тыңдармандарымызбен қауышатын толқынысқа толы сәт. Оларсыз бұл мерекені елестету мүмкін емес», – дейді маэстро.Кештің өзегі – дәуірлерді жалғайтын музыкалық үнқатысу.Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» әлдеқашан барокко музыкасының ең танымал туындыларының біріне айналған. Арада бірнеше ғасыр өткен соң Астор Пьяццолла өзінің «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» циклін жазып, таныс идеяға аргентиналық тангоның қуатын дарытты. Ал Макс Рихтер Recomposed туындысында Вивальди партитурасын заманауи тұрғыдан қайта пайымдады. Таныс әуен иірімдері сақталғанымен, мұнда музыкадағы уақыт ағысы мүлде басқаша сезіледі.Бір концерт осылайша бірнеше дәуірді қамтитын музыкалық саяхатқа айналады. Әрі классиканың ғұмыры дәстүрді сақтаумен ғана емес, оны үнемі жаңаша пайымдаумен де жалғасатынын еске салады.«Астана Опера» әртістері үшін бұл кеш кәсіби мерекеге айналады. Ал көрермен төрт мезгілдің әуендегі бейнесі музыканың өзімен бірге қалай өзгергенін ести алады.

Аймақтар мен бірегей жерлер

Қазақстандағы көрікті әрі бірегей жерлер туралы оқып, ерекшеліктерін біліңіз.

Ақмола облысы

Ақмола облысы – Қазақстанның ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Аумағы жөнінен елдегі облыстар арасында тоғызыншы орынды алады. Географиялық орналасуы да стратегиялық тұрғыдан маңызды: батысында Қостанай облысымен, солтүстігінде Солтүстік Қазақстан облысымен, шығысында Павлодар облысымен, ал оңтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі.

Толығырақ →

Мұра

card

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

Бұл бөлімде қазақ халқының ұрпақтан‑ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірегей әдет‑ғұрыптары мен дәстүрлері – салт‑жоралары, мерекелері, қолөнері және отбасылық құндылықтары топтастырылған.

Толығырақ →
card

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ

Қазақ балалар әдебиетінің әлемі жас оқырмандарға халық аңыздар мен батырлық жырлардың бай мұрасын таныстырады. Мұнда қазақ мифтері, батырлар жыры және көне аңыздар, ерлік рухы мен ата-баба даналығы көрініс тапқан басқа да шығармалар топтастырылған. Бұл туындылар балаларға төл мәдениеттің көркемдігін сезінуге және халықтың рухани мұрасына жақындауға мүмкіндік береді.

Толығырақ →
card

ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ

Бұл бөлімде пайдаланушылар Қазақстанның дамуы мен перспективалары туралы ақпарат таба алады

Толығырақ →
card

ТАРИХ

Бұл бөлімде Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік бар

Толығырақ →
card

ЮНЕСКО МҰРАСЫ

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне Қазақстанның табиғи және мәдени ескерткіштері енгізілген. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Тамғалы петроглифтері, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері, Тұран шөлдері, Батыс Тянь-Шань, сондай-ақ Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолы нысандарының кешені бар.

Толығырақ →
card

МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТАР

Музей-қорықтар – мәдени, тарихи және табиғи мұраларды сақтайтын маңызды мекемелер. Музейлер өнер туындылары мен тарихи жәдігерлерді жинап, көрсетеді, ал қорықтар табиғи ресурстар мен экожүйелерді қорғап, олардың болашақ ұрпақ үшін сақталуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ →
card

АЛТЫН ҚОР

Бұл бөлімде пайдаланушылар дүниежүзілік даңққа ие болған қазақ таланттарымен таныса алады

Толығырақ →
card

КИНЕМАТОГРАФ

Отандық кинематографияның інжу-маржандары: ретроспектива және көптен күткен премьералар

Толығырақ →
card

АРХИВТЕР

Бұл бөлім Қазақстанның құжаттар мен мұрағат материалдарының бай тарихи топтамасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді

Толығырақ →

Батыр бол

Өз суретіңізді жүктеп, жасанды интеллектінің көмегімен батырдың бейнесіне еніңіз

card
card
card
card
card