САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

Бұл бөлімде қазақ халқының ұрпақтан‑ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірегей әдет‑ғұрыптары мен дәстүрлері – салт‑жоралары, мерекелері, қолөнері және отбасылық құндылықтары топтастырылған.

«Асар» – традиция коллективной взаимопомощи

Асар – бірлік пен жанашырлықтың дәстүрі

«Асар» – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Оның мәні – бір адамның немесе бір отбасының күші жетпейтін ауыр жұмысты көпшілік болып, ерікті түрде әрі ақысыз атқарып беру. Асарға ауыл тұрғындары, ағайын-туыс, көрші-қолаң жұмылып, ортақ іске өз үлесін қосқан.
Толығырақ →
«Ас беру» – поминальный обряд в память об ушедшем

Ас беру дәстүрі

Ас беру – дүниеден өткен адамды еске алып, оның рухына құрмет көрсету, туған-туыстар мен ел-жұрттың басын қосу мақсатында өткізілген. Дәстүр бойынша, елге белгілі, беделді адамның қайтыс болғанына бір жыл толғанда үлкен ас беріліп, марқұмның жылдық асы жасалған.
Толығырақ →
Ат қою

Ат қою

Қазақ халқы үшін балаға ат қою – жай ғана есім таңдау емес, тәрбиелік мәні терең, үлкен жауапкершілікті талап ететін дәстүр. Халқымыз ежелден дүниеге келген сәбиге мағыналы, жақсы есім беруге ерекше мән берген.
Толығырақ →
«Ашамайға мінгізу» – первое посвящение ребенка во всадники

Ашамайға мінгізу – баланы алғаш рет атқа мінгізу дәстүрі

Ашамайға мінгізу – тәрбиелік мәні зор көне салттардың бірі. Бұл дәстүрде бала алғаш рет атқа мінгізіліп, оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталғаны айшықталады. Дәстүр баланың балалық шақтан есейіп, дербестікке, жауапкершілікке және көшпелі өмір салтының құндылықтарына қадам басқанын білдіреді.
Толығырақ →
Байғазы – бала қуанышын бөлісу

Байғазы – бала қуанышын бөлісу

Қазақы отбасында баланың жаңа киім киіп, жаңа затқа ие болуы – елеулі қуаныш. Осындай сәтте үлкендер «байғазы» деп аталатын сыйлық ұсынып, баланы қуантып отырған
Толығырақ →
«Бата беру» – благословение старших

Бата беру

Қазақ дәстүрінде бата, әдетте, дастарқан басында ас соңына қарай беріледі. Қонақтар тамақтанып болғаннан кейін үй иесі немесе жастардың бірі «Бата беріңіз» деп, жасы үлкен, жолы үлкен адамға қолқа салады.
Толығырақ →
«Бәсіре» – первый личный скот ребенка

Бәсіре – балаға еншіленетін алғашқы мал

Бәсіре – қазақ халқының ежелден келе жатқан тағылымды дәстүрлерінің бірі. Бұл салт бойынша балаға жеке меншігі ретінде мал еншіленген. Көбіне ол баламен шамалас уақытта туған құлын немесе бота болған. Мұндай малды «бәсіре тай» немесе жай ғана «бәсіре» деп атап, баланың болашақ ырысы мен берекесінің бастауы деп санаған.
Толығырақ →
«Бесікке салу» – обряд укладывания младенца в колыбель ОК

Бесікке салу – нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі

«Бесікке салу» – сәбидің дүниеге келуімен қатар жүретін көне дәстүрдің бірі. Бұл жаңа туған нәрестені алғаш рет бесікке бөлейтін, ырымға бай, ерекше салт. Қазақ баласы үшін бесік – жай ғана төсек емес, бұл өмірге бастар қасиетті орын, сәбидің алғашқы ұясы. Сол себепті бұл рәсімнің мәні терең, маңызы зор.
Толығырақ →
«Енші» – имущество для начала самостоятельной жизни

Енші

Енші – ер жеткен ұлдың ата-анасынан бөлініп, өз алдына шаңырақ көтеруімен байланысты қазақтың дәстүрлі ғұрпы. Ұл үйленіп, жеке отбасы болып өмір сүруге дайын болған кезде әкесі оған мал-мүліктен үлес бөліп, жаңа отаудың тұрмысын түзеуге қажетті заттар берген.
Толығырақ →
«Ерулік» – угощение для новых соседей

Ерулік – жаңа көршіге көрсетілетін құрмет

Ерулік – қазақ халқының жаңа қонысқа көшіп келген отбасын қарсы алуға байланысты қалыптасқан көне дәстүрлерінің бірі. Ауылға жаңа отбасы көшіп келсе, көршілері оларды қонаққа шақырып, дастарқан жайып, ерулік берген. Осылайша жаңа қоныстанушыларды жылы қарсы алып, олардың жаңа ортаға тезірек бейімделуіне жағдай жасап, енді сол қауымның бір мүшесі екенін білдірген.
Толығырақ →
Свадебные традиции казахов ОК

Қазақ той дәстүрлері

Қазақ той дәстүрлері – бұл бір жүйеге құрылған салт-дәстүрлер жиынтығы, ол шұғылдану кезеңінен басталып, бірінші үйлену күнінен кейін де жалғасады. Бұл дәстүрлер көптеген жазылмаған ережелер мен әдет-ғұрыптарды қамтиды және әр қазақ үшін өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып саналған.
Толығырақ →
Традиции гостеприимства

Қонақжайлық дәстүрі

Қазақтың қонақжайлығы халықтың ұлттық болмысын, дүниетанымы мен дархан мінезін айшықтайды. Қазақ танымында қонақ күту – әдеп үшін жасалатын әрекет емес, бұл – адамдық парыз. Қонағын құрметтей алған үй иесі абыройлы, жомарт саналған. Сондықтан қазақ үйінде қонақ әрдайым төрге шығарылып, ықыласпен қарсы алынып, бар дәмдісі ұсынылған.
Толығырақ →
Қылыш жеткеру технологиясы

Қылыш жеткеру технологиясы

Қазақ ұсталары үшін қылыш жасау бірнеше кезеңнен тұратын күрделі технологиялық үдеріс болған. Жазушы Таласбек Әсемқұловтың деректерінде қылыш жеткеруге керек негізгі төрт зат – темір кені, от, суғарынды және қасат.
Толығырақ →
«Қырқынан шығару» – 40 дней новорожденному ОК

Қырқынан шығару – нәрестенің өмірге беки түсуі

Қырқынан шығару – сәби өмірге келгеннен кейін қырық күн толғанда жасалатын қасиетті салт. Қазақ халқы бұл кезеңді баланың дүниедегі алғашқы өткелі, рухани тазарып, бойына қуат жиналатын маңызды шақ деп есептейді. Сондықтан да осы аралықта сәбиді көзден таса ұстап, жамандықтан сақтап, ерекше күтім жасаған.
Толығырақ →
«Сүйінші» – подарок за радостную весть

Сүйінші

«Сүйінші» – жақсы жаңалықты жеткізумен байланысты қазақтың ежелгі дәстүрлерінің бірі. Қуанышты хабарды бірінші болып жеткізген адам жаңалығын айтпастан бұрын «Сүйінші!» деп дауыстаған. Бұл сөзді естіген үй иелері жақсы хабардың келгенін бірден аңғарып, хабаршыға кәде беруге дайындалған. Сүйінші сұрайтын қуанышты жағдайлар әртүрлі болған. Дүниеге сәби келуі, көптен күткен туыстың оралуы, отбасына келін түсуі, мәртебелі атаққа ие болу немесе өзге де қуанышты оқиғалар осылай хабарланған. Әсіресе нәрестенің өмірге келгенін сүйіншілеп жеткізуге ерекше мән берілген. Жақсы жаңалықты туыстарына алғаш естірткен адамға арнайы сый берілген.
Толығырақ →
«Сүндет той» – порог взросления для мальчика ОК

Сүндет той

Сүндет той – әр қазақ баласының өміріндегі ең маңызды салт-дәстүрлердің бірі, оның мұсылман әлеміне кіргенін және жаңа кезеңге – есейгендікке қадам басқанын білдіретін рәсім.
Толығырақ →
«Тоқымқағар» – проводы в первую самостоятельную дорогу

Тоқымқағар – алғаш сапарға шығарып салу дәстүрі

Тоқымқағар – жас жігіттің алғаш рет өз бетінше алыс жолға аттануына байланысты қалыптасқан көне салттарының бірі. Бұл рәсімде отбасы ағайын-туыс пен көрші-қолаңды шақырып, дастарқан жайып, жас азаматқа ақ жол тілеген. Үлкендер бата беріп, сапарының сәтті, жолының аман болуын, барған жерінен абыроймен оралуын тілеген.
Толығырақ →
«Тұсаукесер» – начало пути ОК

Тұсаукесер – сәбидің алғашқы қадамы

Тұсаукесер – қазақ халқының ежелден келе жатқан жоралғыларының бірі. Бұл сәби алғаш қадам басқан сәтте жасалатын ерекше рәсім. Халық нанымында, тұсауы кесілген бала өмір жолында сүрінбей, сенімді, нық басып өседі. Бұл жоралғы арқылы ата-аналар баласының алдағы тағдырына ақ жол тілеп, оны жамандықтан, бәле-жаладан сақтаймыз деп сенген.
Толығырақ →
«Шашу» – традиция делиться радостью

Шашу

Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ішінде шашудың алар орны ерекше. Шашу – қуанышты хабарды ағайын-туыс, дос-жаранмен бөлісудің, жақсылықты көпке таратудың әдемі үлгісі. Тіпті «Қуаныш бөліссең көбейеді» деген халық даналығы шашудың табиғатымен үндес.
Толығырақ →