ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

Сізді ұмытылмас саяхат күтіп тұр

13

13 сәуірде қазақ халқының ұлы батыры Қарасай батыр (1664-1727) дүниеге келген.

Album Art

Ұлы дала мәдениеті

Қазақстан Еуразияның қақ ортасында, сауда ғана емес, сонымен қатар әртүрлі халықтар арасындағы мәдени және ғылыми жетістіктермен де белсенді алмасуға мүмкіндік беретін стратегиялық жерде орналасқан. Түркі тектес «қазақ» сөзі «еркін адам» дегенді білдіреді, ал Қазақстан — тарихта еркіндікті сүйетін көшпенділер мекендеген ел. Ұлы Жібек жолы қазақ жері арқылы өтіп, бұлғын терісі, алтын, дәмдеуіштер мен жібек Сібірден шексіз дала арқылы тасымалданды. Осылайша, Қазақстан Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі сауда аймағына айналды. Азия мен Еуропа арасындағы мәдени және сауда-экономикалық байланыстардың маңызды буыны бола отырып, Қазақстан өңірдің мәдени баюы мен экономикалық дамуына ықпал етті.

Актриса Мерей Мақажанның шығармашылық жолы

Қазіргі қазақстандық кино өнері аға буынның бай тәжірибесі мен жас толқынның жаңаша көзқарасы тоғысқан кезеңді бастан өткеріп отыр. Осындай уақытта мамандыққа саналы түрде келіп, көрермен алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін жас актерлер шоғыры айқын көріне бастады. Солардың бірі – бала күнінен кино әлеміне қадам басып, өнерді өмірінің мәніне айналдырған жас буын өкілі Мерей Мақажан.Мерей Qazaq Culture редакциясына берген сұхбатында өзінің шығармашылық жолы, рөлге дайындық кезіндегі ішкі толғаныстары, кәсіби білімнің маңызы және отандық кинематографияның болашағы туралы ой бөлісті.– Өміріңізді осы мамандықпен байланыстыру туралы шешімге қашан келдіңіз?– Мен бұл кәсіптің ортасында ес білгелі келе жатырмын. Алғаш рет үш жасымда киноға түстім. Сондықтан актерлік орта мен үшін әуелден-ақ үйреншікті, табиғи болмысымның ажырамас бір бөлігіне айналды. Мен осы әлемде өстім, оның тыныс-тіршілігін бойыма сіңіріп, жан дүниеме жақын қабылдадым. Біздің үйге кастингке қатысушылар, режиссерлер, фотографтар мен актерлер жиі келетін, жаңа жобалар туралы әңгіме үзілмейтін. Мұның бәрі бұл мамандықтың қыр-сырын ерте түсінуіме ықпал етті.Әрине, бұл ретте әкем Тимур Мақажанның орны бөлек. Ол мен үшін бағыт-бағдар беретін темірқазық әрі шабыт көзі болды. Әкемнің еңбегіне қарап отырып, бұл мамандықтың зор жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап ететінін анық түсіндім. Соған қарамастан, мен бұл салаға өз еркіммен келдім. Бұл – саналы түрде қабылданған таңдау. Яғни, бұл шешім тек отбасылық ортаның әсерінен емес, өз ішкі қалауымнан туғанын анық сезіндім.Актерлік өнер мен үшін жай ғана үйреншікті іс емес, ештеңемен алмастыруға болмайтын өмірлік жолға айналды. Дәл сол сәтте өз орнымды тапқанымды ұқтым.– Академиядағы оқуыңыз қалай өтіп жатыр? Біліміңізді іс жүзінде қалай қолданып жүрсіз?– Мен үшін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алу – кәсіби ой-өрісімді кеңейтетін маңызды кезең. Мұнда басты назар тәжірибеге аударылады. Тәжірибе актер үшін аса құнды. Біз актерлік шеберлік, сахна тілі, режиссердің актермен жұмысы, архивтік материалдарды талдау сияқты көптеген пәндерді меңгеріп жатырмыз. Мұның бәрі мамандықты тек техникалық тұрғыдан игеріп қана қоймай, оның әр қырын терең түсінуге мүмкіндік береді.Осы ретте «Телевизия режиссурасы» пәнін ерекше атап өткім келеді. Сабақ барысында біз фильм көріп, оны талдап қана қоймай, өз ойымызды жүйелі жеткізуді, рецензия жазуды, сценариймен жұмыс істеуді және жеке бейнежобалар түсіруді де үйренеміз. Мұндай ізденістер мамандыққа басқа қырынан қарауға жол ашады. Қазір түсірілім алаңында рөлді сомдау тәсілімнің өзгергенін, кейіпкерді тереңірек сезіне бастағанымды, камера алдында өзімді анағұрлым сенімді ұстайтынымды байқаймын.– Актер үшін кәсіби білімнің маңызы қаншалықты?– Меніңше, кино әлеміне келудің жолы сан алуан. Әркімнің өз тарихы, өз тәжірибесі бар. Арнайы білімі болмаса да, қажырлы еңбек пен талпыныстың арқасында биік белестерді бағындырған жандар аз емес. Бұл тұрғыдан алғанда, актерлік өнер өзін дамытқысы келетін әр адамға ашық. Дегенмен, кәсіби білімнің орны ерекше. Ол – темірдей тәртіп, мамандықтың ішкі асханасын тану және жұмысты байыппен түсіне білу. Бұл – кез келген жағдайда арқа сүйеуге болатын берік іргетас.Сонымен қатар оқу барысында біз мәтінмен, денемен, дауыспен және серіктеспен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін меңгереміз. Соның арқасында актер кадрда тек түйсікке сүйеніп қана қоймай, рөлін дәл де нанымды сомдай алады. Әрине, көп нәрсе тәжірибемен келеді. Егер адамның ынтасы мен еңбекқорлығы қатар ұштасса, академиялық базасыз-ақ бұл мамандыққа бейімделуге болады.– Бастапқыда қандай кедергілер болды және қазір рөлге қалай дайындаласыз?– Шынымды айтсам, қазірдің өзінде жаңа жоба алдында көптеген әріптестерім сияқты толқимын. Кейде камера алдында сенімсіздік те сезіліп қалады. Әсіресе, кейіпкерімнің ауыр эмоцияларын ішкі жан дүниемнен өткізу қажет болған сәттерде қиналатынмын. Бірақ уақыт өте келе бұл толқынысты мамандығымның ажырамас бір бөлігі ретінде қабылдауды үйрендім.Қазір рөлге дайындалуда өзіме тән әдістерім қалыптасты. Кейіпкерімнің болмысын бүге-шігесіне дейін зерттегенді ұнатамын. Оның өткен өмірін, мінез-құлқын, тіпті кадрда көрінбейтін ұсақ әдеттеріне дейін ойластырып шығамын. Кейде кейіпкерімнің көңіл күйіне сай плейлист те жинаймын. Бұл маған қажетті эмоциялық күйге тезірек енуге көмектеседі.– Сіз үшін кино мен сериалдың айырмашылығы неде?– Толықметражды фильм мен сериалдың ішкі логикасы мен қарқыны екі түрлі. Кинода кейіпкердің нақты күйіне бірден ену өте маңызды. Онда уақыт тығыз, бой үйретіп алуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан бәрі уақытпен санаса отырып, эмоцияны жылдам әрі шынайы жеткізе білуге құрылады. Ал сериал ұзаққа созылатын процесс болғандықтан, актер өз кейіпкерін асықпай танып, оның мінезін уақыт өте келе біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл кейіпкердің бір орында қатып қалмай, оқиғамен бірге өзгеріп, дамып отыратын тірі процесс екенін сезіндіреді.Мен үшін екі формат та құнды, өйткені екеуі де әртүрлі кәсіби тәжірибе береді. Дегенмен, дәл қазір маған кейіпкердің ішкі трансформациясы бар рөлдер жақын. Кейіпкердің белгілі бір жолдан өтіп, өзгеріп, ішкі және сыртқы қайшылықтармен бетпе-бет келуі мен үшін ерекше қызық.– Сүйікті рөліңіз жайлы айтып берсеңіз. Болашақта кімді сомдауды армандайсыз? Жалпы, жобаларды қандай ұстаным бойынша таңдайсыз?– Мен үшін әрбір рөл – онымен жұмыс істеп жүрген сәтте ерекше. Сондықтан олардың ішінен біреуін ғана «сүйікті» деп бөліп айту қиын. Әрқайсысының мен үшін өз орны бар.Ал арманымдағы рөл туралы айтсам, маған болмысы күрделі, қайшылыққа толы, мінезі терең кейіпкерлер жақын. Мұндай рөлдер адамның ішкі әлемін, оның өзгерісін және өз-өзімен күресін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.Жоба таңдауда мен үшін бәрі маңызды. Әрине, сценарий, шығармашылық топ және режиссердің көзқарасы жұмыс сапасының басты кепілі. Бірақ ең шешуші фактор – ішкі түйсік. Егер оқиға мен кейіпкер жаныма жақын болып, оны көрерменге шынайы жеткізе алатынымды сезсем, демек, бұл – менің жобам.– Қазіргі отандық киноның дамуын қалай бағалайсыз? Оның болашағын қалай елестетесіз?– Меніңше, отандық кино индустриясы қазір өте қызықты кезеңде тұр. Әртүрлі жобалар көбейіп, режиссерлер өз қолтаңбасын айқындай бастағанын көріп жүрміз. Осы үрдістен мәдениетіміз бен болмысымыз көрініс табатын төл кино кеңістігінің қалыптасып келе жатқанын аңғаруға болады.Әсіресе жанрлық әралуандық қуантады. Бүгінде қазақ киносында авторлық туындылар да, әлеуметтік драмалар мен коммерциялық жобалар да, тіпті фэнтези мен триллер сияқты жаңа форматтағы ізденістер де бой көрсетіп келеді. Мұндай үдеріс еліміздегі кино индустриясының қарқынды дамуына, сонымен қатар шетелдік көрерменге де жол табуына мүмкіндік береді.Дәл осы ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылыс алдағы өсімнің негізгі факторы болады деп ойлаймын. Меніңше, алдағы бес-он жылда қазақстандық кино халықаралық аренада өзін бұдан да айқын танытып, кәсіби ортасын одан әрі нығайта түседі. Қазір осы серпінді сақтап қалу өте маңызды.– Актриса болу сіз үшін нені білдіреді? Жастарға қандай кеңес берер едіңіз?– Қазақстанда актриса болу мен үшін – төл мәдениетіміздің бір бөлшегі болу, заманның тынысын сезіндіру және адамдармен сезім тілі арқылы сөйлесу. Бұл маған шабыт береді әрі үлкен жауапкершілік жүктейді.Өнер жолына енді ғана қадам басып жатқан жастарға айтарым – шынайы болудан қорықпаңыздар. Біздің мамандықта жасандылық бірден аңғарылады, ал шынайылық әрдайым бағаланады. Үнемі ізденіп, айналаны бақылап, өз-өздеріңізді дамытудан жалықпаңыздар. Қаншалықты қиын болса да, ешқашан берілмеңіздер. Ең бастысы – өз ісіңізді шын жүректен сүйіңіздер. 

Аймақтар мен бірегей жерлер

Қазақстандағы көрікті әрі бірегей жерлер туралы оқып, ерекшеліктерін біліңіз.

Ақмола облысы

Ақмола облысы – Қазақстанның ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Аумағы жөнінен елдегі облыстар арасында тоғызыншы орынды алады. Географиялық орналасуы да стратегиялық тұрғыдан маңызды: батысында Қостанай облысымен, солтүстігінде Солтүстік Қазақстан облысымен, шығысында Павлодар облысымен, ал оңтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі.

Толығырақ →

Мұра

card

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

Бұл бөлімде қазақ халқының ұрпақтан‑ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірегей әдет‑ғұрыптары мен дәстүрлері – салт‑жоралары, мерекелері, қолөнері және отбасылық құндылықтары топтастырылған.

Толығырақ →
card

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ

Қазақ балалар әдебиетінің әлемі жас оқырмандарға халық аңыздаыр мен батырлық жырлардың бай мұрасын таныстырады. Мұнда қазақ мифтері, батырлар жыры және көне аңыздар, ерлік рухы мен ата-баба даналығы көрініс тапқан басқа да шығармалар топтастырылған. Бұл туындылар балаларға төл мәдениеттің көркемдігін сезінуге және халықтың рухани мұрасына жақындауға мүмкіндік береді.

Толығырақ →
card

ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ

Бұл бөлімде пайдаланушылар Қазақстанның дамуы мен перспективалары туралы ақпарат таба алады

Толығырақ →
card

ТАРИХ

Бұл бөлімде Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік бар

Толығырақ →
card

ЮНЕСКО МҰРАСЫ

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне Қазақстанның табиғи және мәдени ескерткіштері енгізілген. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Тамғалы петроглифтері, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері, Тұран шөлдері, Батыс Тянь-Шань, сондай-ақ Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолы нысандарының кешені бар.

Толығырақ →
card

МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТАР

Музей-қорықтар – мәдени, тарихи және табиғи мұраларды сақтайтын маңызды мекемелер. Музейлер өнер туындылары мен тарихи жәдігерлерді жинап, көрсетеді, ал қорықтар табиғи ресурстар мен экожүйелерді қорғап, олардың болашақ ұрпақ үшін сақталуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ →
card

АЛТЫН ҚОР

Бұл бөлімде пайдаланушылар дүниежүзілік даңққа ие болған қазақ таланттарымен таныса алады

Толығырақ →
card

КИНЕМАТОГРАФ

Отандық кинематографияның інжу-маржандары: ретроспектива және көптен күткен премьералар

Толығырақ →
card

АРХИВТЕР

Бұл бөлім Қазақстанның құжаттар мен мұрағат материалдарының бай тарихи топтамасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді

Толығырақ →

Батыр бол

Өз суретіңізді жүктеп, жасанды интеллектінің көмегімен батырдың бейнесіне еніңіз

card
card
card
card
card