Алматыда алғаш рет «Махаббат әуендері» атты романс кеші ұйымдастырылды

Алматыда алғаш рет «Махаббат әуендері» атты романс кеші ұйымдастырылды

Алматы қаласында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі құрамындағы Salt Sound фольклорлық ұжымы «Махаббат әуендері» атты романс кешін алғаш рет ұйымдастырды. Іс-шара Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай өтті.

Кеш барысында сахнада белгілі өнерпаздар романс жанрындағы және лирикалық әндерді шырқады. Әуезді әндерге ұласқан жанды, әсерлі және сан түрлі әуендер кештің көркін аша түсті.

Атап айтқанда, Өмірқұл Айниязовтың орындауында «Қапездің қоштасуы» мен «Сағындым ғой» әндері ұсынылды. Сондай-ақ Апелия «Қайықта» әнін «Салтанат» ансамблінің балет әртістерімен бірге орындап, әсерлі өнер көрсетті. Мирас пен Құралай Бекжановтардың «Весна на Заречной улице» және «Эхо любви» әндерін дуэтпен орындауы концерттік бағдарлама мазмұнына айрықша реңк берді. Шығармашылық кешке Қайыржан Үтелбаев, Азамат Бекберген, Ilmar, Аружан Данышпан, Жайна Тарғынова, Асқар Рысбек және Нұрғалым Аманбай қатысты.

15
13.04.2026