Әділ Ахметов – кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017), «Дарын» жастар сыйлығының иегері (2014).
1984 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. 2002–2006 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша білім алып, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Білім беру саласының құрметті профессоры Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын тәмамдады.
2007 жылдан бастап Әділ Ахметов Астана жастар театрының негізін қалаушысы және актері болды. Қазақстанда және халықаралық деңгейдегі театр фестивальдерінің жүлдегері, «Анаға апарар жол», «Томирис» және т.б. танымал киножобалармен көпшілікке танымал. Сонымен қатар, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі ретінде де белгілі.