«Сұлтан Бейбарыс» (реж. Болат Мансұров, 1989 ж.)

Морис Семашконың «Емшан» повесімен түсірілген. Бағзы заманда Мысыр еліне құлдыққа әкетілген қыпшақ баласының тағдыры туралы тарихи драма. Биліктің де, махаббаттың да, сағыныштың да дәмін әбден татқан ол небір оқиғаларға толы ғұмырының соңында ата-бабаларының тарихи мекені – қазақтың жусанды даласына қайта оралады.