Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы – Қазақстанның 17 облысының бірі, ел аумағының 5,6% құрайды. Өңір Қазақстанның екі облысымен – Ақтөбе және Атырау облыстарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының бес облысымен шектеседі. Облыс аумағында 200-ге жуық өзен мен бұлақ бар. Олардың ішінде Орал, Шаған, Деркөл, Көшім, Үлкен және Кіші Өзен ерекше аталады. Сондай-ақ Шалқар, Балықты Сарқыл және Қамыс-Самар көлдер жүйесін қоса алғанда, көптеген көлдер орналасқан. Өңірдің ірі қалалары – Орал және Ақсай.
- Орталығы
- Орал
- Халқы
- 671400
- Аумағы
- 151339





