Құрманғазы Сағырбайұлы (1818–1884) — қазақтың композиторы, күйші және домбырашы, қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі. Ол Бөкей Ордасында (қазіргі Батыс Қазақстан аумағы) дүниеге келген және бала кезінен домбырада ойнауға машық болған. Оның ұстазы белгілі күйші Ұзақ болды, бірақ көп ұзамай Құрманғазы қазақ халқының өмірін бейнелейтін бірегей әуендер жасай отырып, көптеген шеберлерден асып түсті.
Оның шығармашылығы еркіндік пен тәуелсіздік үшін күрестің символына айналды. Өз күйлерінде ол қарапайым адамдардың азабын, олардың әділеттілікке ұмтылысын және рухын жеткізді. Өз көзқарастары мен кедейлерді қолдағаны үшін ол бірнеше рет билік тарапынан қудалауға ұшырады, бірнеше рет қамауға алынып, түрмеде отырды. Оған қарамастан, оның музыкасы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, шарықтай берді.
Күйшінің ең танымал шығармаларының қатарында — “Сарыарқа”, “Адай”, “Кішкентай”, “Балбырауын”, “Түрмеден қашқан” туындылары бар. Бұл күйлер халықтың күшін, ерік-жігерін және табандылығын көрсететін шығғармаларға айналды. Бүгінде Құрманғазының музыкасы Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де орындалады, ал оның есімі Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестріне берілді. Күйшінің шығармашылығы Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алады, оның ұлттық музыканың дамуына қосқан үлесі өлшеусіз.