«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Шортанды маңында, Астана–Бурабай тас жолының бойында орналасқан. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 наурыздағы №150 қаулысы негізінде құрылған.
Ботай мәдениеті әлемдік археология ғылымында кеңінен танылған. Ескерткіш аумағында 15 мың шаршы метрден астам жер ашылып, 158 тұрғын үй зерттелді. Археологиялық қазбалар нәтижесінде 200 мыңнан астам артефакт және ондаған мың жануар сүйектері табылды, олардың 99,9%-ын жылқы сүйектері құрайды.
Бұл жерде ежелгі адамдар отырықшы өмір салтын ұстанған. Жартылай жер астына салынған үйлер ағаштан, саз балшықтан, жылқы сүйегінен, қайың қабығынан және шымнан тұрғызылған. Үйлердің пішіні көпбұрышты болып, төбелері күмбез тәрізді жабылған.
Ботайлықтар қола дәуіріне дейін екі мың жыл бұрын мыстан жасалған құрал-саймандарды және тұрмыстық заттарды қолданған. Алғаш рет жылқыны қолға үйретіп, қымыз ашытқан халық ретінде танылған. 15 гектар аумақты алып жатқан «Ботай» қонысында жүргізілген археологиялық зерттеулерді белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің жетекшілігіндегі экспедиция ашып, оны әлемге әйгілі етті.
Мекенжайы:
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Б. Әшімов көшесі, 15А.
Байланыс нөмірі:
8 (71533) 2-18-80