Төлеген Мұхамеджанов

Төлеген Мұхамеджанов 1948 жылы 27 шілдеде Семей облысының Бесқарағай ауданындағы Беген ауылында туған.

Мемлекеттік «Астана Опера» опера және балет театрының директоры, композитор, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор, Бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясының мүшесі, Халықаралық «Мәдениет арқылы әлем» қауымдастығының президенті, «Әлем ақындары» әлемдік ұйымының мүшесі, Рухани келісім конгресінің президенті. Семей педагогикалық институтының тарих факультетін (1969) тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1980) сазгер мамандығы бойынша; П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1982) бітірген.

1982 -1987жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқытушы. 1987-1988 жылдары - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры. 1998 жылдан бастап - Астана қаласы әкімінің орынбасары, осы қызметінде 7 жыл мәдениет саласындағы мәселелерді шешті.