Астанада III Халықаралық кәсіби хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» фестивалі өтеді

Астанада III Халықаралық кәсіби хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» фестивалі өтеді

Ұйымдастырушы - Қазақ ұлттық хореография академиясы. Фестиваль әлемнің үздік хореографиялық мектептерін бір сахнада біріктіретін дәстүрлі шараға айналды.

Фестивальге қатысушылардың арасында Борис Эйфманның Би академиясы және Пекин би академиясы бар — екі беделді оқу орнының түлектері әлемдік жетекші сахналарда өнер көрсетеді. Елордалық жұртшылыққа осы әлемге әйгілі академиялар студенттерінің шеберлігін көруге және олардың классикалық және заманауи балет өнерін түсіндіруінен ләззат алуға бірегей мүмкіндік беріледі.

Фестиваль 7 қарашада сағат 19:00-де Қазақ ұлттық хореография академиясы студенттерінің орындауындағы «Раушан бүрі мен көбелектің романы» балетімен ашылады. Спектакль Академияның визит картасына айналды.

8 қарашада фестивальге қатысушылар үшін шеберлік сыныптары өтеді. Оларды балеттің әлемдік жұлдыздары - Диана Вишнёва мен Владимир Малахов өткізеді. Сол күні сағат 15:00-де «Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі хореографиялық мектепті дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтеді, онда Қазақ ұлттық хореография академиясының отандық және халықаралық серіктес ЖОО-лары қатысады. 9 қарашада сағат 17:00-де көрермендерді Гала-кеш күтеді, онда Борис Эйфманның Би академиясы мен Пекин би академиясының студенттері өнер көрсетеді.

357
09.10.2024