
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Бақытжан Момышұлы мен Юрий Серебрянскийдің «Черная звезда» ертегі-романының таныстырылымы өтті. Шығарма Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпінде және аудиокітап түрінде жарық көрді.
Іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен оқырман қауым қатысты. Мектеп оқушыларына «Қара жұлдыздың сыры» интерактивті сабағы мен «Бір сұрақ – бір жауап» блиц-ойыны ұйымдастырылды.
Таныстырылымда қатысушылар авторлардың шығармашылығымен танысып, жастарға кітап оқуды дәріптеді. Романның арнайы нұсқалары зағип және нашар көретін азаматтардың әдеби шығармаларды оқып, тыңдауына мүмкін береді.