Италиялық пианист Astana Opera халықаралық академиясының солистеріне шеберлік сыныбын өткізеді

Италиялық пианист Astana Opera халықаралық академиясының солистеріне шеберлік сыныбын өткізеді

Astana Opera Халықаралық опера академиясының студенттері «Қоңырау, немесе дәріханашының алғашқы неке түні» атты комедиялық операның премьерасына дайындалуда.


Қойылым театр сахнасында сәуір айының соңында өтеді.


Солистермен алғаш рет танымал опера педагогы, пианист және дирижер Алессандро Бениньи жұмыс істейді. Коуч-пианист шеберлік сыныбын өткізу үшін арнайы Италиядан шақырылды.


Оқу барысында Бениньи екпіндерді қойып, солистермен фразировка мен «бельканто» стилистикасын пысықтайды.


Алессандро Бениньи 20 жылдан астам уақыт бойы Озимодағы (Италия) лирикалық өнер академиясында сабақ берді және әлемдік опера орындаушыларымен жұмыс істеді. Ол пианист және музыкалық жетекші ретінде Еуропаның, Жапонияның және басқа да елдердің танымал театрларымен және фестивальдерімен ынтымақтастықта болды.


Енді маэстро өзінің баға жетпес білім байлығымен қазақстандық солистермен бөлісетін болады.

644
03.03.2025