Валерий Копейкин: «“Қос кілем” – махаббат, жады және рух биіктігі туралы балет. Біз көрерменнің балетке қайта оралғанын қаладық»

Валерий Копейкин: «“Қос кілем” – махаббат, жады және рух биіктігі туралы балет. Біз көрерменнің балетке қайта оралғанын қаладық»

17-18 қазанда «Астана Балет» театрының сахнасында екі актілі «Қос кілем» балетінің премьерасы өтеді. Бұл ширван кілемі туралы ежелгі Әзербайжан аңызының негізінде жасалған көркем туынды.

Премьера Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл жоба елдегі мәдени диалогты дамыту мен заманауи хореографиялық өнерді ілгерілетуге қосылған маңызды үлес болмақ.

Бұл оқиға көрермен қауымды кілем өрнегі өмір шежіресіне айналып, әр иірімі тағдыр мен сезім атаулыны қызғыштай қорыған әлемге жетелеп әкетеді.

Оқиға өзегі – балалық шақта пайда болып, түрлі сынақ, соғыс пен айырылысуға қарамастан өшпеген махаббат сезімі. Уақыт пен бір-бірінен көз жазып қалу, мұң мен үміт астасқан сынақтарға мойымай, кейіпкерлер қайта табысып, ал осы қиын жолды өздерімен бірге өткен кілем олардың адалдығының символына айналады.

«Спектакльдің тереңдігі – әйелдің ішкі әлемін, махаббат пен құрбандық арасындағы таңдауды бейнелеуінде», – дейді қойылым авторлары. «Бұл – өмір сынынан мойымайтын жүректің беріктігі туралы хикая».

Либретто әрі жобаның идеясының авторы –Валерий Копейкиннің айтуынша, қойылымның басты мақсаты – адамдардың балетке деген қызығушылығын қайта ояту.

«Классикалық балеттің өз көрермені әрқашан бар. Бірақ біз басқа бағытты таңдадық – классика мен неоклассика тоғысындағы заманауи туынды жасағымыз келді. Біздің мақсатымыз тек би көрсету емес, оқиға айту болды. Көрермен алғашқы минуттардан-ақ сахнада не болып жатқанын, неліктен дәл осылай қойылғанын түсінсін дедік», – дейді Копейкин.

Оның айтуынша, жұмыс барысында сценарий бірнеше рет өзгеріп, егжей-тегжей қайта қаралған. Дегенмен, шығармашылық топ ақыры дұрыс шешім тапқан.

Қоюшы-хореограф Александр Могилёв эпикалық оқиғаны нәзік пластикалық тілмен жеткізген. Оның айтуынша, бұл жұмыс ерекше шығармашылық атмосферамен және біртұтас команда рухымен есте қалған.

«Мен үшін ең қымбат дүние – шығармашылықтың өз процесі. Көрермен үшін спектакль екі сағатқа созылады, ал біз үшін бұл әлдеқайда терең – Шығыс мәдениетіне бойлау. Мені Қазақстан халқының шынайылығы мен ашықтығы, көзге тура қарап сөйлей білуі ерекше шабыттандырды. Әр жобада өзіме жаңа нәрсе ашуға тырысамын, ал “Қос кілем” осы тұрғыдан ерекше: мұнда қазіргі заман мен дәстүр ғажайып үйлесім тапқан», – деп бөлісті Могилёв.

Спектакльге арнайы музыка композитор Арсений Смирнов тарапынан жазылған. Ол шығыс әуезін симфониялық кең тыныспен үйлестірген.

Көркем безендіруді Анастасия Капустина әзірлеген, ал костюмдер әйгілі дизайнер Игорь Чапуриннің қолынан шыққан. Цифрлық графика мен анимацияны Александра Артамонова жасап, қойылымға заманауи серпін мен көркемдік тереңдік берген.

Музыканы «Астана Балет» театрының Симфониялық оркестрі орындайды. Дирижёр – Арман Оразғалиев. Оркестрдің қуаты мен би пластикасының үндестігі қойылымды нағыз өнер тоғысына — классикалық драма мен заманауи театр бірлігіндегі синтезге айналдырады.

Театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Қанетов: «Бұл жобаның айрықша құндылығы – екі мықтышығармашылық ұжымның – MOSAIC DEL ARTE халықаралық компаниясы мен «Астана Балет» театрының бірлескен жұмысының жемісі.

«Бұл жобаның құндылығы – екі мықты ұжымның шығармашылық үйлесімінде. Біз әріптестікті жалғастырып келеміз: былтыр көрермендер ««Кешірімді махаббат» (Blind Forgiveness) рок-балетін жылы қабылдады. Ол Афина, Астана және Алматы қалаларында көрсетілді. Ал бүгінгі премьера – ортақ жолымыздағы жаңа белес, шығармашылық бірлік пен өзара шабыттың айғағы», – деді Қанетов.

«Қос кілем» балеті – жай сахналық туынды емес, адам төзімділігі мен жадының күші туралы философиялық ой-толғам.

Ол Шығыс пен Батысты, көне дәстүр мен заманауи өнер тілін тоғыстырып, аңызды мәңгілік махаббаттың барлық сынақтан өтетін эмоционалды метафорасына айналдырады.

325
18.10.2025