Қазақстан Президенті Астанада Леонардо да Винчидің картинасымен танысты

Қазақстан Президенті Астанада Леонардо да Винчидің картинасымен танысты

Өнертанушы Ольга Батурина Президентке дарынды қазақстандық суретшілердің жұмыстарын қамтитын «Дала живописі: символдар, бояулар, бейнелер» экспозициясын ұсынды.

Мемлекет басшысына сондай-ақ Леонардо да Винчидің «Керемет ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді. Қайта өрлеу дәуірінің ұлы итальяндық шеберінің бұл жұмысы алғаш рет Еуропадан тыс жерде қойылып отыр. Атақты туындыны көрсету Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай итальяндық Scripta Maneant баспасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Көрме Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италия Республикасының елшілігінің және Итальяндық мәдениет институтының қолдауымен өтуде. Елорда қонақтары «Керемет ханшайым» картинасын ағымдағы жылдың 4 тамызына дейін тамашалай алады.

Елдің ең жақсы музейлерінің бірі – Ұлттық музейге барып, Леонардо да Винчидің ұлы өнеріне қол тигізудің бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.


Дереккөз: Ақордаға сілтеме жасаған Kazinform.

Фото: Ақорда

427
06.06.2024