Өнер адамы үшін ең құнды марапат – халықтың мойындауы.

Өнер адамы үшін ең құнды марапат – халықтың мойындауы.

Ел президенті мәдениет пен өнерді дамыту мемлекет үшін басымдық екенін атап өтті, - «Өткен жылы 2029 жылға дейінгі мәдени саясат тұжырымдамасы қабылданды. Бүгінде мемлекет осы маңызды саланың инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға зор көңіл бөлуде. Мәдениет және өнер мекемелерінің жабдықталуы бірте-бірте жақсаруда.»

Сондай-ақ елдің үш жетекші мұражайына ұлттық мәртебе берілетіні айтылды. Соңғы үш жылда бүкіл ел бойынша 700-ден астам жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 168 жаңа нысан салынды. Мәдениет және өнер мекемелерінің жабдықталуы бірте-бірте жақсаруда. Соңғы отыз жылда алғаш рет мамандандырылған оқу орындары мен мемлекеттік концерттік ұйымдар үшін музыкалық аспаптарды сатып алуға бюджет қаражаты бөлінді.

Мемлекет басшысы жақын арада Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын толық ауқымды реконструкциялау басталатынын хабарлады. Жұмыстар 2026 жылы - айтулы мекеменің жүз жылдығына қарай аяқталады. /Биыл мәдениет саласында ерекше орны бар елдің 7 жетекші ұжымы өз мерейтойларын атап өтуде/.

Сондай-ақ Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне әнші Күләш Байсейітованың есімін беру жоспарлануда. «Бұл – тарихта өз ізін қалдырған көрнекті әнші мен талантты өнер қайраткерлеріне көрсетілген құрмет. Түптеп келгенде, мұны тарихи әділеттілікті қалпына келтіру деп түсіну керек. Өнердегі аға буынның жолын біздің заманауи жастарымыз лайықты жалғастыруда. Осы сабақтастықты қолдау өте маңызды», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев, - «Жалпы, елімізде тарихи-мәдени мұраны сақтау және көбейту бойынша мұқият жұмыстар жүргізілуде. Жақында көптеген жылдар ішінде алғаш рет материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізбесі кеңейтілді. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне біздің ұлттық дәстүрлеріміз «саятшылық» пен «беташар» енгізу мәселесі пысықталуда».

506
22.05.2024