Қарқаралыда Baiqymyz-2026 этно-гастрофестивалі өтті

Қарқаралыда Baiqymyz-2026 этно-гастрофестивалі өтті

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында BaiQymyz-2026 этно-гастрофестивалі өтіп, ұлттық мәдениет пен қымыз өндіру дәстүрін дәріптейтін маңызды алаңға айналды. Ауқымды іс-шараға 20 мыңнан астам қонақ жиналып, фестиваль ұлттық сусын қымызды кеңінен насихаттауға, сондай-ақ ішкі туризм мен жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға серпін берді.

Фестиваль аясында Қарағанды облысы мен еліміздің өзге өңірлерінен келген 37 қымыз өндіруші өз өнімдерін ұсынып, «Ең үздік қымыз» байқауында бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының «Ақтерек» қымызы үздік деп танылып, бас жүлдені иеленді. Қонақтарға шамамен 30 тонна қымыз ұсынылды.

Іс-шара барысында этноауылдар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, қолөнер көрмелері, ат-әбзелдері экспозициясы және гастрономиялық алаңдар жұмыс істеді. Сондай-ақ көкпар, асық ату, жамбы ату сынды ұлттық спорт түрлері өткізіліп, келушілерге қазақ халқының бай мәдени мұрасы кеңінен таныстырылды.

70
01.07.2026