Биыл қараша айында жапондық орындаушы Юки Мурата, италиялық музыкант Маурицио Биньоне, сондай-ақ қазақстандық әртістер Тимур Урманчеев, Гүлжан Үзенбаева, Гүлмира Исимбаева және Раушан Бескембірова тыңдармандарды түрлі концерттік бағдарламаларымен қуантады.
«Астана Опера» театры шығармашылық өзара әрекеттесу шекарасын кеңейту бағытында үлкен жұмыс атқаруда, әртүрлі ұлттық музыкалық мектептердің өкілдері арасында тәжірибе алмасу мен идеяларға барлық жағдай жасайды. Мұндай қарым-қатынас пен басқа музыканттармен ынтымақтастық түпнұсқалық бірлескен жобаларды құруға және өз орындауында жаңа дыбыс шығаруға шабыт беретініне сенімдімін. Сондай-ақ театр біздің қымбатты көрермендерімізге отандық үздік әртістерді тыңдап қана қоймай, Қазақстаннан шықпай-ақ шетелдік тамаша орындаушылармен танысуға тамаша мүмкіндік береді. Көкжиегін кеңейтіп, жапон және итальяндық пианино мектебімен танысқысы келетіндерге және қазақстандық музыканттарымызды жақыннан білгісі келетіндерге, осы қараша айында сізге керемет көңіл-күй мен бұрын-соңды болмаған эмоциялар сыйлайтын тамаша концерттерге баруға кеңес беремін», - деп театрдың музыкалық кеңесшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембірова бөлісті.
Елорда тұрғындары мен қонақтары 7 қарашада өтетін «Bel Canto музыкалық салоны» циклінен «Тәңір де, шабыт та...» концертінде Раушан Бескембірованың шығармашылығынан ләззат ала алады. Қаныққан бағдарлама вокалистер Татьяна Вицинская, Әсем Сембина, Артур Ғабдиев, Ермек Қасым, Батыржан Смақов, флейташы Балжан Сапарова және жас виолончелист Сұлтан Бескембіровпен бірлесіп дайындалды.
Ал 10 қарашада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев РК Мемлекеттік триосы «Forte Trio» құрамындағы әріптестерімен бірге концертті музыкадағы романтизмнің ең ірі өкілдерінің бірі, ұлы композитор, пианист және дирижер Феликс Мендельсонның 215 жылдығына арнайды.
19 қарашада «Музыкалық альянс» циклінен скрипкалық музыка кешін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – композитор және пианист Гүлжан Үзенбаева мен «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы Бағдат Әбілханов көпшілік назарына ұсынады.
Итальяндық пианист, композитор және жазушы Маурицио Биньоне 23 қарашада «Ішкі көріністер» атты өз шығармаларының концертімен өнер көрсетеді.