«Сәлем» фестиваліне еліміздің танымал театрлары, сондай-ақ Әзербайжан мемлекеттік «Пантомим» театры мен Түркияның Стамбул мемлекеттік театры қатысты. Естеріңізге сала кетейік, мюзикл – музыкалық, драмалық, акробатикалық, хореографиялық өнерді біріктіретін музыкалық-театрландырылған сахналық жанр.
Биылғы жылы фестиваль Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына арналды.
«Astana Musical» кейсінен: 2023 жылы «Astana Musical» шығармашылық ұжымы Оңтүстік Кореядағы Daegu International Musical Festival (DIMF) басты халықаралық мюзиклдер фестивалінің лауреаты атанды, онда әлемнің түкпір-түкпірінен үздік ұжымдар шақырылады.
2016 жылы құрылған елордалық театр әртістері республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары. Театрдың көркемдік жетекшісі – танымал режиссер Есләм Нұртазин.
«Astana Musical» театры көрермендерді әртүрлі және өзіндік репертуарымен қуантады, онда әртүрлі қойылымдар, соның ішінде Daegu International Musical Festival (DIMF) фестивалінде үздік деп танылған «Роза Бағланова» мюзиклі бар. Сондай-ақ репертуардың көркі – танымал «№13» Р.Куни комедиясы, «ЕНТ тапсырмаймын» драмасы, қазақ тіліндегі «Ромео мен Джульетта» және «Notre Dame de Paris» әлемдік туындылары және «Сиқырлы хор-концерт» тақырыптық музыкалық бағдарламасы.
Театрдың мекенжайы:Мәңгілік Ел даңғылы, 10\1