Іс-шара көрнекті ақын, жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орайластырылған.
Кітапта ақынның шығармашылық және өмір жолы, оның елдің беделді басылымдарында журналист және редактор болып жұмыс істеуі, сондай-ақ Мәжіліс депутаты ретіндегі қоғамдық қызметі ашылады. Оның достары мен әріптестерінің естеліктері ұсынылған. Олар отандық әдебиет пен мәдениеттің ең жарқын тұлғаларының бірі, «қазақ поэзиясының патшайымы» деп танылған тұлғаның өмірінен жарқын сәттермен бөлісті.
«Фариза-апай поэзияны жақсы көретіндердің бәрін тегіне, қай жерде туғанына қарамай бірдей жақсы көріп, қолдайтын адам еді. Өмірімде осы ұлы тұлғаның жылуы мен қамқорлығын сезінгенім үшін тағдырыма шексіз ризамын», - деп атап өтті кітаптың авторы Алия Дәулетбаева.
Тұсаукесерде ақынның немересі Аслан Алмасұлы да сөз сөйледі. Ол аты аңызға айналған әжесі туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Фариза Оңғарсынова атындағы №77 астаналық мектеп-гимназиясының оқушылары ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелер айтып, оның өлеңдерін оқыды.