Домбыра үні – ұлт рухын біріктірген күн

Домбыра үні – ұлт рухын біріктірген күн

Ұлттық домбыра күніне орай «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының бастамасымен еліміздің 20 өңірін қамтыған ауқымды республикалық шығармашылық акция ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, күйшілік дәстүрді кеңінен насихаттау және мәдени мұраны заманауи форматта көпшілікке ұсыну.

Акция аясында Қазақстанның әр өңірі өзіне тән күйшілік мектебі мен музыкалық мұрасын шығармашылық тұрғыда таныстырды. Бейнероликтерде домбыра үні арқылы аймақтардың тарихи-мәдени ерекшелігі, ұлттық құндылықтары мен рухани болмысы көрініс тауып, дәстүрлі өнердің бүгінгі қоғамдағы маңызы жаңа форматта көрсетілді.

Жоба аясында кәсіби күйшілердің қатысуымен түсірілген бейнематериалдармен қатар, жасанды интеллект технологияларының көмегімен ұлттық болмыс пен өңірлік ерекшеліктерді бейнелейтін креативті бейнероликтер әзірленді. Заманауи цифрлық шешімдер дәстүрлі өнерді жаңа қырынан танытуға мүмкіндік беріп, көрерменге қазақ күйінің терең философиясы мен рухани құндылығын әсерлі форматта жеткізді. Әрбір бейнеролик өңірдің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, ұлттық мәдени мұраны заманауи көзқараспен насихаттауға бағытталды.

Аталған бастама ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеп, мәдени мұраны цифрлық кеңістікте кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоба еліміздің шығармашыл қауымын ортақ идея төңірегіне біріктіріп, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етті.

Жоба аясында дайындалған барлық бейнероликтер мен шығармашылық жұмыстарды әлеуметтік желілерден #QazaqCreative және #QazaqCreativeDombyra хэштегтері арқылы тамашалай аласыздар.

93
07.07.2026