Елордада Халықаралық әйелдер күніне орай Gala Ballet кеші өтеді

Елордада Халықаралық әйелдер күніне орай Gala Ballet кеші өтеді

6-7 наурыз күндері «Астана Балет» театрының сахнасында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік Gala Ballet кеші өтеді. Бағдарламада классикалық туындылар мен заманауи хореографиялық қойылымдар көрсетіледі. Іс-шараны театрдың симфониялық оркестрі сүйемелдейді, оркестрге Арман Оразғалиев дирижерлік етеді. Бірінші бөлімде хореографиялық миниатюралар және Айнұр Әбілғазина қойған Петр Чайковскийдің музыкасына жазылған «Триумф» балеті ұсынылады. Сонымен қатар бағдарламада классикалық және неоклассикалық спектакльдерден үзінділер бар. Олардың қатарында Арам Хачатурянның «Спартак», Сергей Рахманиновтың «Көктемде қарғын су» және Адольф Аданның «Жизель» балеттері қамтылған. Бұдан бөлек, наурыз айында ұжым өзге де қойылымдарды ұсынады. Атап айтсақ, 13-14 наурыз күндері «Carmina Burana» балет-кантатасы, 21 наурызда «Therapy. Jazz Night» симфониялық оркестр концерті, 27-28 наурыз күндері «Орфей мен Эвридика» және бір бөлімді заманауи «Bolero X» балетінің премьерасы өтеді.

101
20.02.2026