
Qazaq Creative Hub алаңында Supporting the Creative Economy халықаралық бағдарламасы аясында сарапшылық сессия ұйымдастырылды. Іс-шара креативті индустрияларды дамыту, халықаралық тәжірибе алмасу және саладағы әріптестікті нығайтуға арналды.
Креативті экономика саласындағы халықаралық сарапшы Данияр Аманалиев баяндама жасап, әлемдік тәжірибе мен өңірлік мүмкіндіктерге тоқталды. Панельдік пікірталаста Қазақстандағы креативті экономиканы дамытудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары, даму институттарының рөлі және халықаралық ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Бағдарлама аясында кәсіби нетворкинг ұйымдастырылып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға мүмкіндік жасалды. Сарапшылық сессия креативті индустрия өкілдері, мемлекеттік ұйымдар мен халықаралық серіктестер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.