Astana Opera академиясының солистері вокалдық музыканың үздік туындыларын орындайды

Astana Opera академиясының солистері вокалдық музыканың үздік туындыларын орындайды

Бұл олардың жаңа оқу жылындағы алғашқы бірлескен қойылымы болмақ.

«Халықаралық опера академиясы Astana Opera үш жыл ішінде өз дәстүрлерін қалыптастырды. Жоспарға сәйкес, біздің академияның оқушылары жылына 5-6 концерт беріп, 3 операға қатысуы тиіс. Үш қойылымның екеуі «Астана Опера» театрының Үлкен залында, біреуі К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтеді. Алдағы концерт академияның жаңа оқу жылындағы алғашқы концерті болғандықтан, біз академиялық музыканың үздік туындыларын таңдадық, өйткені бұл қойылымның мақсаты – көрермендерді жаңа солистермен таныстыру», – деді Astana Opera Халықаралық опера академиясының атқарушы директоры Айсұлу Тани.

Айта кетейік, өткен айда академия үшінші оқу маусымын бастады. 69 үміткердің ішінен біліктілігі жоғары қазылар алқасы Қазақстан, Ресей және Моңғолиядан 10 тыңдаушыны таңдап алды. Биылғы құрамның ерекшелігі – академияның екі меццо-сопрано мен бір басты қабылдауы, өйткені алдыңғы оқу жылында мұндай дауыстар болмаған.

Академияның оқушылары қазірдің өзінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, опера сахнасының жұлдыздары Жұпар Ғабдуллина мен Азамат Желтыргузовтан вокалдық білім беру пәндерін өтуде. Қараша мен желтоқсан айларында оларды италиялық сопрано Доната Д’Аннунцио Ломбардимен (Donata D'Annunzio Lombardi) және белгілі ресейлік педагог, профессор Дмитрий Вдовиннің шеберлік сыныптары күтеді.

Академияның оқу кезінде халықаралық беделді байқаулардың лауреаттары атанған керемет вокалистерді тәрбиелеп шығарғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, ол «Астана Опера» солистерінің ұстаханасына айналды, олардың қатарында Азат Малик, Дінмұхамед Қошқынбаев, Гүлдана Алдадосова және басқа да көптеген солистер бар.

Қараша айының кешінде сахнаға дарынды академиялықтар Әйгерім Темірбекова, Белал Қуаныш, Асылзат Нұғыманова, Диас Орысбай, Аблай Бекен, Дильназ Омарханова, Сара Садығұлова, Мунхтувшин Хоролгарав (Моңғолия), Василиса Савкина және Рузиля Тюменцева (Ресей) шығады. Олардың орындауында А. Құнанбаевтың «Айттым сәлем, Қаламқас» және Н. Тілендиевтің «Жан сәулем» әндері шырқалады. Сондай-ақ көрермендерге әлемге әйгілі В.А. Моцарт, Дж. Россини, Г. Доницетти, Дж. Бизе, Ш. Гуно, Ж. Массне, Ф. Чилеа, Ф. Мендельсон, А. Рубинштейн, М. Глинка, С. Рахманинов сияқты композиторлардың камералық вокалдық туындылары, романстар мен ариялар ұсынылады.

295
08.11.2024