Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Еліміздің танымал футболшысы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды.

2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Айтулы бастама халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тауып, әлем елдері бірауыздан жанашырлық, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға жұмылды.

Жоба волонтерлік мәдениетті дамытуға, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі еріктілердің рөлін күшейтуге бағытталған. Бастама аясында әлем елдері жанашырлық, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын ілгерілетуге жұмылады.

Жаһандық амбассадорлар ретінде Дастан Сәтпаев пен Дастан Мұхамедрахым волонтерлік қызметтің маңызын кеңінен насихаттап, жастарды қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады. Олардың халықаралық және цифрлық кеңістіктегі танымалдығы еріктілік идеясын жаңа аудиторияға жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан өкілдерінің жаһандық бастамаға қатысуы елдегі волонтерлік қозғалыстың халықаралық деңгейдегі беделін нығайтып, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған бастамалардың маңызын арттыра түседі.

150
16.07.2026