Qazaq Creative мен The Garrison креативті стартаптарды халықаралық нарыққа шығаруға бағытталған ынтымақтастық орнатты

Qazaq Creative мен The Garrison креативті стартаптарды халықаралық нарыққа шығаруға бағытталған ынтымақтастық орнатты

Қазақстанның креативті индустриясын халықаралық деңгейде дамыту бағытында Qazaq Creative пен Оңтүстік Кореяның The Garrison компаниясы серіктестік орнатты. Ынтымақтастық туралы меморандумға «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Ерлан Каналимов пен The Garrison компаниясының тең құрылтайшысы әрі бас директоры Jaeyeong Park қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – қазақстандық креативті стартаптардың халықаралық нарықтарға шығуына жағдай жасау, олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту.

Меморандум аясында акселерациялық және менторлық бағдарламаларды іске қосу, креативті жобаларды халықаралық нарық талаптарына бейімдеу және оларды масштабтауға дайындау көзделіп отыр. Сонымен қатар қатысушыларға шетелдік инвесторлармен, сарапшылармен және халықаралық серіктестермен

Серіктестіктің алғашқы бірлескен бастамасы пилоттық форматта жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысушыларды екі тарап бірлесіп іріктеп, олардың жобаларын дамытуға және халықаралық нарыққа шығу стратегиясын қалыптастыруға қолдау көрсетеді.

Бағдарлама барысында жобалардың бизнес-моделі мен өнімін жетілдіру, халықаралық аудиторияға бейімдеу, масштабтау мүмкіндіктерін анықтау және әлеуетті серіктестермен байланыс орнату бағыттарына басымдық беріледі.

Бұл ретте бағдарламаның басты ерекшелігі – тек білім мен тәжірибе ұсынумен шектелмей, нақты нәтижеге бағытталуы. Яғни қазақстандық креатор өз жобасын жаңа деңгейге шығарып, халықаралық серіктес тауып, инвестиция тартуға және өнімін шетелдік аудиторияға ұсынуға мүмкіндік алуы тиіс.

The Garrison-пен орнатылған серіктестік қазақстандық креативті жобалардың халықаралық экожүйеге енуіне жаңа мүмкіндік береді. Әсіресе Кореяның креативті индустрия, технология және стартап салаларындағы тәжірибесін ескере отырып, бұл ынтымақтастық отандық жобалардың жаңа нарықтарды зерттеуіне және халықаралық талаптарға бейімделуіне ықпал ете алады.

Qazaq Creative үшін мұндай серіктестіктердің маңызы – қазақстандық креативті өнімнің әлеуетін ел шекарасынан тыс көрсету және жергілікті таланттарды халықаралық кәсіби ортаға шығару.

Алдағы уақытта тараптар бірлескен бағдарламалар мен жобаларды дамытып, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы шығармашылық және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейтуді көздейді.

Қазақстандық креатор үшін халықаралық нарық енді алыстағы мүмкіндік емес, жүйелі дайындық пен дұрыс серіктестік арқылы қолжетімді бағытқа айналуы тиіс.

253
07.09.2026