«Қазақ балеті: 90 жылдық тарих» атты сурет көрмесі «Қазақ балетіне 89 жыл» атты арт-альбомның баспа жобасының жалғасы болып табылады.
Жобаның мақсаты - көркем және дизайн өнері арқылы ұлттық музыкалық-хореографиялық мәдениетті сақтау және дәріптеу.
Көрме мұражай, театр, жеке мұрағаттардан алынған сирек кездесетін мұрағаттық фото, видео және мәтіндер негізінде жасалған авторлық живописьтік картиналардан тұрады. Картиналарда қазақ опера және балет театрының 90 жылдық кезеңіндегі ұлттық спектакльдерден көріністер бейнеленген (альбомның жылнамасы 89-шы маусымның аяқталуымен тоқтайды).
Олардың арасында - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театрының, «Самрұқ» заманауи би театрының, Ғаббасовтар әпкелерінің би театрының, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының, «Астана Балет» театрының, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының спектакльдері. Сондай-ақ А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің және Қазақ ұлттық өнер университетінің спектакльдері ұсынылған.
Жобаны іске асыруға тек отандық мәдениет қайраткерлері қатысты — куратор Тоғжан Молдалим, Qazaq Ballet Creative Lab жетекшісі Дамир Уразымбетов, дизайнер Гүзел Нұрымбетова, суретші Жаннат Баймұханова.
16 мамырдағы көрменің салтанатты ашылуына Абай атындағы опера және балет театры мен Болат Аюханов театрының балет әртістері, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыканттары қатысады.
Экспозиция 2024 жылдың 7 маусымына дейін жалғасады.