Ұлттық музейде Нұрбек Жәрдемовтің 50 туындысы таныстырылды

Ұлттық музейде Нұрбек Жәрдемовтің 50 туындысы таныстырылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Нұрбек Жәрдемовтің 55 жасқа толуына арналған «Ақжайық өлкем» атты жеке көрмесі ашылды.

Экспозицияға Батыс Қазақстан облысынан жеткізілген 50 туынды енді. Суретшінің еңбектерінде ұлттық дәстүр мен бейнелеу өнерінің заманауи бағыттары тоғысып, Ақжайық өңірінің мәдени болмысы мен өзіндік келбеті көрініс тапқан.

Мәдениет саласының үздігі Нұрбек Жәрдемовтің жеке көрмесі оның шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін қамтып, келушілерді суретшінің көркем мұрасымен таныстырады.

Көрменің ашылу салтанатында суретшіге Астана қаласы Суретшілер одағының алғыс хаты мен арнайы медаль табысталды.

Көрме Ұлттық музейде екі айға жуық уақыт жұмыс істейді.


75
10.07.2026