Елордада Моцарт пен Шостаковичтің мерейтойларына арналған музыкалық кеш өтеді

Елордада Моцарт пен Шостаковичтің мерейтойларына арналған музыкалық кеш өтеді

23 қаңтар күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Вольфганг Амадей Моцарттың 270 жылдығына және Дмитрий Шостаковичтің 120 жылдығына арналған музыкалық кеш өтеді.

Кеш бағдарламасында Forte trio мемлекеттік триосы әлемдік классика жауһарларын орындайды.

Концерт аясында В.А. Моцарттың си-бемоль мажордағы фортепианолық триосы және Д. Шостаковичтің №2 фортепианолық триосы орындалады.

Айта кетейік, Forte trio – Қазақстандағы фортепиано, скрипка және виолончель құрамындағы алғашқы әрі жалғыз классикалық ансамбль. Ұжымның негізін пианист Тимур Урманчеев қалаған. Ансамбль құрамында халықаралық байқаулардың лауреаттары – скрипкашы Мақсат Жүсіпов пен виолончельші Мұрат Нарбеков өнер көрсетеді. Forte trio еліміздің жетекші камералық ұжымдарының бірі ретінде қазақстандық музыкалық өнерді халықаралық деңгейде танытып келеді.

56
22.01.2026