Қазақстанның Кино орталығы алғаш рет «Marche Du Film» кинонарығына қатысуда

Қазақстанның Кино орталығы алғаш рет «Marche Du Film» кинонарығына қатысуда

Қазақстандық делегация қатысушыларға Kazakhcinema стендін ұсынды, онда қазақстандық кино өндірісі, Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі, сондай-ақ алдағы жобалар туралы мәліметтер көрсетілген.

Kazakhcinemа ҚР «Кинематография туралы» Заңында бекітілген шетелдік кино өндірісін субсидиялау (рибейт) жүйесін танымал етуге баса назар аударды.

«Marche Du Film»-ге қатысудың басты мақсаты - бірлескен жобалар үшін серіктестерді тарту, сондай-ақ отандық кинолокацияларды шетелдік кинопродюсерлерге таныстыру.

Қазақстан жыл сайын халықаралық кинонарығына қатысатынын атап өткен жөн. Бұл іс-шара киноиндустрия әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады және 2024 жылдың 25 мамырына дейін жалғасады.

(Marché du Film) — Канн кинофестивалі бағдарламасының бір бөлігі дайын және жоспарланған фильмдерге дистрибьюторлық құқықтарды сатуға және сатып алуға, жобаларды өндіруге және таныстыруға арналған. 1959 жылы ресми түрде тіркелген Marché du Film жыл сайын 12 мыңнан астам киноиндустрия маманын тартады, онда көп миллиондаған мәмілелер жасалады, ал жалпы айналымы 600 мыңнан 1 миллиардқа дейін АҚШ долларын құрайды.

534
15.05.2024