
Қазақ ұлттық хореография академиясы «Арт-менеджмент» бағыты бойынша жаңа бейіндік докторантура бағдарламасын іске қосады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы тарапынан мақұлданып, Жоғары білімнің бірыңғай платформасындағы білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілді.
Оқу бағдарламасы мәдениет және өнер ұйымдарын басқару саласына білікті мамандар даярлауға бағытталған. Докторанттар стратегиялық және жобалық менеджментті, мәдени саясатты, көшбасшылықты, цифрлық трансформацияны және креативті индустрияларды дамыту тетіктерін меңгереді.
Бағдарлама кәсіби біліктілігін арттыруға, заманауи басқару үлгілерін енгізуге және мәдениет саласында қолданбалы зерттеулер жүргізуге ниетті сала басшылары мен мамандарына арналған.
Жаңа бағыттың ашылуы өнер ұйымдары мен шығармашылық жобалар үшін білікті басқарушы кадрлар даярлау мүмкіндігін кеңейтеді.