«Халықаралық мұражайлар күні» жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлемде атап өтіледі. Дәстүр бойынша осы күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы көрермендерге көрмелер, концерттер, экскурсиялар, шеберлік сыныптары мен интерактивті іс-шаралармен толықтырылған бағдарлама дайындайды. «Музейдегі түн» жобасын өткізудің мақсаты – мұражай кеңістігіндегі мәдени мұраны ілгерілету және көрермендердің кең аудиториясын тарту.
«Музейдегі түн – 2024» мерекелік көркем-мәдени іс-шарасын ұйымдастырушылар басты міндеті етіп өнерді дәріптеуді, мұражай коллекциясымен таныстыруды және қала тұрғындарын мұражай бағдарламаларына тартуды қояды. 2024 жылдың маңызды оқиғасы «Жапония өнері. XVII-XXI ғғ.» каталогының шығарылуы және А. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорларынан жапон өнері көрмесінің ашылуы болды, осыған байланысты биыл бұл жоба Жапонияның бай мәдениетіне, оның талғампаз өнері мен философиясына арналған.
«Қазақстанның жетекші көркем мұражайының коллекциясынан Жапония өнері каталогының шығарылуы біздің елдеріміз арасындағы халықаралық мәдени өзара іс-қимылды нығайту мен жандандыруда қосымша көпір болатынына сенімдіміз», - деп санайды мұражай директоры Гүлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова. Жинақта 250-ге жуық туынды бар, олардың көпшілігі 1936 жылдан бастап Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік мұражайынан, Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайынан, Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан және т.б. мұражайға берілген.
Бұл күні келушілерді қызықты бағдарлама күтеді: мұражай аумағында шеберлер жәрмеңкесі мен пленэр, конференц-залда «Кусама: шексіз әлемдер» фильмін көрсету (реж. Хезер Ленц), жапон стиліндегі интерактивті ойындар, экспозицияның тұрақты бөлімдері бойынша экскурсиялар, тақырыптық шеберлік сыныптары.
Халықаралық «Мұражайлар күні» аясындағы маңызды оқиға – танымал суретші Каору Моридің манга сериясынан «Келін тарихы» (2008 ж.) көрмесінің ашылуы болмақ. Ол көрермендерді XIX ғасырдағы Орталық Азияның бай тарихына енуге шақырады. 2022 жылы бұл манга Киотодағы Халықаралық манга мұражайында «Жапония мен Орталық Азияның бес елі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған мерейтойлық жоба» аясында көрсетілді.
Экспозицияда 250-ге жуық экспонат – графика, металл, ағаш, керамика, мата, сүйек және шыныдан жасалған бұйымдар ұсынылады. Сондай-ақ, көрме аясында Досым Сәтпаевтың жеке коллекциясынан алынған жапон артефактілерімен танысуға болады.
Көрме бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде интерактивті ойындар мен экскурсиялар ұйымдастырылған. Оригами, каллиграфия және жапон тілінде сөйлеу бойынша шеберлік сыныптары іс-шараның серіктестері – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қиыр Шығыс кафедрасы және Ичикава жапон үйінің көмегімен ұйымдастырылған.
![]() | ![]() |
Сондай-ақ «Музейдегі түн» концерттік бағдарламаларында дәстүрлі және классикалық музыка, хореографиялық және сахналық шоулар ұсынылады. Қатысушылардың қатарында: көркем-білім беру студиясы «Ай-күй», мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Еркеле» қоғамдық қоры, отбасылық ансамбль «Асыл мұра», Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының әртістер тобы, актерлік факультетінің студенттері (театрлық этюд), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жас музыканттары, «Ханга» музыкалық аспабымен өнер көрсететін «Облачко» тобы, «Giovani Talenti» камералық оркестрі, «Дала іздері» дефилесі, «Kiizo» студиясы, Үнді классикалық биі және йогасының Қазақстандық орталығы, Сергей Червяковтың пантомима театры, SUBANDALA бағдарламасымен Венера Оразбекова, пианист Ләззат Әлмұхамбетова, Art of Her жапон стиліндегі Майя Колосованың шығармашылық жұмысын ұсынады.
Жапония өнерін сүюшілер мен бағалаушыларды салтанатты шараға шақырамыз!
Ашылуы: 18 мамыр 14.00 - 24.00.
Көрме 2024 жылдың 10 маусымына дейін жалғасады.
Мұражай мекенжайы: Алматы қ., Көктем-3, 22/1
/Фото https://www.gmirk.kz/ru/home/