Қысқа уақыт ішінде Beu Fest Қазақстанның мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындардың да, ел қонақтарының да назарын аударды. Фестиваль жарқын қойылымдарымен, музыкалық жанрлардың алуан түрлілігімен және жас таланттарды қолдауымен танымал. Биыл Beu Fest көрермендерді жаңа буын әртістер ұсынған жанрлардың кең спектрімен қуантады: Q-поптан және индиден хип-хопқа дейін.
Қазақстан эстрадасының аңыздарға айналған топтарының өнер көрсетуі басты оқиға болады: Дос-Мұқасан, URKER және Ghetto Dogs. Бұл ұжымдар әрбір қазақстандыққа таныс, олардың әндерін бірнеше ұрпақ жақсы көреді және есте сақтайды. Beu Fest 2024 сахнасында олар сағыныш тудыратын тректерді орындайды, сондай-ақ жас орындаушылармен бірегей бірлескен қойылымдарды ұсынады.
Beu Fest 2024 қатысушыларының арасында: Дос-Мұқасан, URKER, Dequine, Ghetto Dogs, Shiza, Amre, Qanay, Kazybek Kuraiysh, ARShAT, Tynda Music, Il’han Ihsan, kilemger, ALPHA, Мирас Жүгінісов, Dosekesh, Ұланғасыр Қами, T’OI, niyazkul және Айбек Серікханов.
Сонымен қатар, фестиваль жас музыкалық қоғамдастықты белсенді түрде қолдайды, Duisenbi, Ellaya, JANEL және Aka1dar сияқты талантты жаңадан бастаушы орындаушылар үшін сахна ұсынады.
Beu Fest 2024 көрермендерге жанрлардың алуан түрін және ұмытылмас қойылымдарды ұсына отырып, бірегей жазғы атмосфераны құруға уәде береді.
Іс-шараның мәліметтері: 2024 жылғы 8 маусымда сағат 18.00
«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені
Билеттер билет операторларының ресми сайттарында қолжетімді: iticket.kz, zakazbiletov.kz, ticketon.kz. Билеттерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жіберіледі.
Ұмытылмас музыкалық мерекенің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Баспасөз үшін байланыс ақпараты:
87770799979
Instagram: https://www.instagram.com/beu_fm/?hl=ru
Zakazbiletov: https://zakazbiletov.kz/ru/events/1-almaty/3-kontserty/22635-beu-fest-2024
Iticket: https://iticket.kz/events/festivals/beu-fest-2024/6007