««Астана Опера» іс жүзінде жыл сайын Қарағандыға гастрольдік сапармен келеді, бұл екі қаланың тығыз шығармашылық байланыстарымен байланысты. Біз мұнда өнер көрсетуге әрқашан қуаныштымыз. Өйткені Қарағанды – бұл елдің ірі индустриалды-өнеркәсіптік, ғылыми ғана емес, сонымен қатар мәдени орталығы. Біздің бұл келуіміз Қарағанды Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрінің 41-ші концерттік маусымын жабатынымызбен маңызды, бізбен бірге сахнаға тамаша солистер – баритон Аян Төлеген мен тенор Мерей Қадырхан шығады», - деп атап өтті Ержан Дәуітов.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана Опера» бұл қалада жетінші рет гастрольде болып отыр. Бұған дейін ұжым мұнда әр түрлі сахналарда операларды концерттік нұсқада, сондай-ақ Гала-концертті, К. Орфтың «Кармина Бурана» кантатасын ұсынды. Дәл Қарағандыда Astana Opera Халықаралық опера академиясының оқушылары алғашқы гастрольдерін бастады. «Астана Операның» өнер көрсетулерін әрқашан аншлагпен қарсы алатыны таңқаларлық емес және бұл келу де ерекшелік емес. Себебі ұжым әрдайым тыңдармандарды өзінің кәсібилігімен, өнерге деген құштарлығымен және әлемдік музыкалық классиканың үздік туындыларын керемет орындауымен таң қалдырады.
«Астана Опера» хоры – көптеген беделді халықаралық марапаттардың иегері, оның ішінде XI Қытай халықаралық хор фестивалінде алтын медальға ие болды, сондай-ақ өткен жылы «Хайнувка» (Польша) халықаралық байқауында керемет бірінші орынды жеңіп алды. Ол кезде әртістер байқауда керемет өнер көрсетіп, жеңісті орынды иеленіп қана қоймай, гастрольдік сапар аясында қазақстандық композиторлардың музыкасынан үлкен жеке концерт берді.
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Костенко көшесі, 7
концерттің басталуы-25 мамыр сағат 17:00-де