
Қазақстанда дәстүрлі қолөнер мен ұлттық өнерді сақтау, дамыту және шеберлердің шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған «Халық қолөнері және бейнелеу өнері мектебі» жобасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Жоба аясында қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант бөлінеді. Оған ұлттық қолөнердің сирек кездесетін әрі ұмытылып бара жатқан түрлерін меңгерген шеберлер қатыса алады.
Грант иегерлері атанғандар арнайы білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама шеңберінде олар оқушылар мен жастарға арнап шеберлік сағаттары мен тәжірибелік сабақтар өткізеді.
Жоба ұлттық өнердің тамырын үзбей, шеберлердің тәжірибесін жас буынға дәріптеуді және креативті индустрияның дамуына жол ашатын шығармашылық орта қалыптастыруды көздейді.
Бағдарламаға қатысу үшін электронды өтінім жолдап, портфолио ұсыну қажет. Қатысушылар портфолионы Instagram парақшасына сілтеме, бейнетаныстырылым, PDF-презентация, дайын жұмыстардың фотосуреттері немесе жүзеге асқан жобалар тізімі форматында ұсына алады.
Өтінім беру үшін QAZAQ CREATIVE-тің ресми парақшасында көрсетілген сілтемеге өту қажет.