«Carmina Burana» «Астана Балет» театрының сахнасына қайта оралады

«Carmina Burana» «Астана Балет» театрының сахнасына қайта оралады

13 және 14 наурызда «Астана Балет» театры «Carmina Burana» балет-кантатасын қайта ұсынады. Жаздағы премьера көрермен тарапынан үлкен қызығушылық тудырды: театр сахнасында алғаш рет бір кеңістікте оркестр, хор және балет бірге орындалды.

Қойылымның негізінде XX ғасырдағы көрнекті неміс композиторларының бірі Карл Орфтың мистикалық әрі баурап алатын музыкасы жатыр. «Carmina Burana» заманауи мәдениетте айрықша орын алып, академиялық дәстүр мен көпшілік өнеріне тән қуатты эмоциялық энергияны тоғыстырады.

Спектакль адам болмысы мен Фортуна дөңгелегінің мәңгілік қозғалысы туралы философиялық тақырыпты ашады: сахнада материалдық пен рухани, жасампаздық пен қиратушы күштер қақтығысады. Оқиғаның өзегінде — махаббаты арбау мен азғыру сынағынан өтетін бозбала мен бойжеткен. Балеттің бейнелік әлемі Қайта өрлеу дәуірі эстетикасынан шабыт алып, жасампаздық пен қиратушы күштер Жаратушы мен Азғырушыға телінетін символикалық кейіпкерлер арқылы көрініс табады.

Қоюшы-хореографтар Мукарам Абубахриева (Авахри) мен Тимур Загидуллин спектакльде неоклассика, contemporary және пластикалық импровизация элементтерін ұштастырған. Музыкалық бөлімді бас дирижер Арман Уразғалиевтің басқаруымен оркестр, хор және солистер орындайды, хорға Гүлмира Құттыбадамова жетекшілік етеді. Қойылымға опера солистері де қатысады және музыка, хореография, вокал мен жарық драматургиясын өмір айналымы мен махаббат салтанаты туралы біртұтас философиялық полотнода біріктіреді.

87
04.03.2026