9 мамырда бүкілхалықтық кастинг басталады

9 мамырда бүкілхалықтық кастинг басталады

Әлия Молдағұлова 1925 жылы қазанда Ақтөбе облысында дүниеге келген және жасөспірім кезінде өз еркімен майданға аттанған. Соғыста ол ерекше батылдық көрсетіп, қауіпті тапсырмаларды орындап, берілмес рух пен патриотизмнің үлгісіне айналды. Оның өмірі 18 жасында қиылды, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс тарихында жарқын із қалдырды.

Биографиялық драманың жұмысы ресейлік журналист және актриса Алена Кулешованың Санкт-Петербургте Әлияға арналған ескерткіштің ашылуынан шабыттанып, сценарий жазуға үш жылын арнағаннан кейін басталды. Сценарийді жасау барысында авторлар командасы Әлияның өмірбаянын мүмкіндігінше дәл және шынайы жеткізу үшін ауқымды зерттеулер жүргізіп, аңыздар мен мифтерді сүзгіден өткізді.

Фильмнің режиссері қазақ кинематографиясындағы жұмыстарымен танымал Ален Ниязбеков болады. («Таиландтағы демалыс», «Менің үлкен қазақ отбасым», «Ағашки по вызову 2: начало», «Ауылбайский участковый», «Сен - босс», «Алматы, мен сені сүйемін»).

«Біз психологиялық әскери драма жанрын таңдауға шешім қабылдадық. Эмоционалды шиеленіс сюжеттің дамуы барысында артып, шайқас көріністерінде ең жоғары шегіне жетеді. Біз фильм Қазақстандағы және бұрынғы КСРО елдеріндегі аудитория үшін де, алыс шетелдерде де тартымды болады деп сенеміз, картинада бұл үшін барлық әлеует бар», – деді фильм режиссері.

Дәл 9 мамырда жас Әлияның рөліне бүкілхалықтық кастингтің басталуы символдық мәнге ие. Халықаралық жоба 15-16 жастағы қазақ ұлтының актрисасын іздейді, бұл фильмге ерекше шынайылық береді. Түсірілім осы жылдың күзіне жоспарланған және Қазақстанның әр түрлі жерлерінде, соның ішінде Петропавл, Өскемен және Орал қалаларында, мүмкін Беларусьте өтеді.

«Әлия» фильмі Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналуға уәде береді, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ халқының қаһармандық өткені туралы есте сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Әлия Молдағұловаға Ленинградты азат ету жолындағы шайқастарда қаза тапқаны үшін 1944 жылдың қаңтарында қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кинотуындыны түсірумен «Microcosm Pictures» кинокомпаниясы айналысатын болады, оператор-қоюшы Шерхан Таңсықбаев («Күйеу бала», «Жол», «Кек», «Донор»). Бас продюсер және сценарий авторларының бірі Александр Шухов.


Естеріңізге сала кетейік, 1985 жылы «Қазақфильм» студиясы және режиссер Болотбек Шамшиев Әлия Молдағұловаға арналған «Снайперлер» кеңестік фильмін түсірген болатын. Картина ХIХ Бүкілодақтық кинофестивалінің лауреаты атанды.


552
08.05.2024