Маэстро журналистермен шығармашылық жолының тарихымен бөлісіп, театрдың жарқын қойылымдары туралы да айтып берді. Олардың қатарында Ә.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы да бар. Ұлттық өнердің бұл інжу-маржаны көрермендерді өз елінде де, шетелде де бірнеше рет тамсандырды.
Алан Бөрібаев үшін бұл Euronews-тегі алғашқы сұхбат емес: бұған дейін, 2017 жылы ол арнамен музыкалық өнерге қатысты тәжірибесімен және көзқарастарымен бөліскен болатын. Оның жаңа сұхбаты классикалық музыканың ұлттық мәдениет үшін маңыздылығын көрсетеді.
Атап өтейік, 2024 жылдың тамыз айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Euronews телеарнасы арасында Орталық Азияда Euronews өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды.
Алан Бөрібаевтың жетекші халықаралық телеарналардың бірінің эфирінде пайда болуы оның әлемдік музыка мәдениетіне қосқан үлесін тағы да айқындай түседі және «Астана Опера» мәртебесін елдің басты театры ретінде растайды.