Астанада Халықаралық жас хореографтар конкурсы өтеді

Астанада Халықаралық жас хореографтар конкурсы өтеді

2026 жылғы 20-22 сәуір аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында Халықаралық би күніне орай Халықаралық жас хореографтар конкурсы өтеді.

Конкурсқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген жас орындаушылар қатысады. Іс-шара авторлық жұмыстарды көрсетуге, тәжірибе алмасуға және хореографиялық өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған кәсіби алаң болмақ.

Конкурстың мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және хореографиялық өнерді ілгерілету. Қазылар алқасының құрамына Қазақстан, Ресей және Италиядан келген хореография саласының жетекші мамандары енген. Бұл конкурстық жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде бағалауға және халықаралық сараптамалық көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында конкурстық көрсетілімдер, жетекші мамандардың шеберлік сабақтары, сондай-ақ «Өнер жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясы: мәселелері мен даму бағыттары» форумы жоспарланған.

Конкурс лауреаттардың гала-концертімен қорытындыланады. Онда көрермендер үздік қойылымдарды тамашалай алады.

19
15.04.2026