М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы
- Біздің театр сахнасында «Опералияны» екінші жыл өткізу мүмкіндігін мақтан тұтамыз. Бұл керемет фестивальдің жиырма жылдан астам тарихы бар екені белгілі. Жыл сайын ол біздің театр өнеріміздің беделін көтеріп, елдің мәдени өмірін байытады. «Опералия-2024» әлемдік деңгейдегі қойылымдарды ұсынатынына күмән жоқ. Мәселен, ашылу салтанатында елорда тұрғындары мен қонақтарына қазақстандық әртістермен қатар итальяндық әншілер: сопрано Дезире Ранкаторе, баритон Альберто Газале, тенор Джулио Пеллигра, дирижер және бағдарлама авторы Джузеппе Акуавива өз өнерлерін сыйлайды, - деп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Астана Опера» директоры Ғалым Ахмедьяров атап өтті.
Фестивальдің ашылу салтанатында фойеде опералық нөмірлерді орындаумен, костюмдерді көрсетумен және «Опералия» бағдарламасына енген спектакльдердің реквизиттерінің көрмесімен театрландырылған шоу өтеді.
Костюмдер көрмесі
Фестиваль аясында опера және балет өнерінің үздік үлгілері ұсынылады. Олардың қатарында әрқайсысы ерекше назар аударуға лайық жарқын опералар бар: М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» – ұлттық операның бай әлеміне есік ашатын қазақ композиторының классикалық туындысы. Атақты Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы шақырылған солистердің қатысуымен көрсетіледі: грузин теноры Георгий Ониани, украин сопраносы Оксана Крамарева, чех сопраносы Либуше Санторисова спектакльдердің әр күнінде сахнаға шығады.
Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» – бұл комедиялық операның көрсетілімі фестивальге жеңілдік пен романтикалық көңіл-күй сыйлайды. П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» де шақырылған солистердің қатысуымен өтеді – Ресейден Элеонора Макарова мен Евгений Качуровский, сондай-ақ Тәжікстаннан Шохрух Юнусов. Әншілердің шеберлігі тыңдаушыларға әлемдік операның жауһарын қайтадан ашуға мүмкіндік береді.
Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсы
Балет өнерін сүйетіндерді эксклюзивті қойылымдар күтеді. Мәселен, хореограф Ролан Петидің 100 жылдығына орай оның екі даңқты балеті көрсетіледі: М.Жаррдың «Париж Құдай Анасының соборы» – бұл қойылым Квазимодоның Эсмеральдаға деген қайғылы махаббат хикаясын баяндайды. Және Л.Делибтің «Коппелия» – тірілген қуыршақ туралы жеңіл және көңілді балет.
М.Жаррдың «Париж Құдай Анасының соборы» балеті
Л.Делибтің «Коппелия» балеті
Үлкен залда да, К.Байсейітова атындағы Камералық залда да жоспарланған концерттік бағдарламалар да кем қызық емес. Олардың арасында: «Дархан дала» ұлттық музыка концерті – Қазақстанның дәстүрлері мен мәдениетіне терең бойлау мүмкіндігі. «Астана Опера» сахнасында алғаш рет Тәттімбет атындағы академиялық оркестр елордалық театрдың хоры мен опера солистерімен толық концерттік бағдарламамен өнер көрсетеді. Италиялық жұлдыздардың қатысуымен «Гала-опера» және Ресей мен Қытайдан солистер шақырылған «Гала-балет»: бұл Елена Воробьева мен Алексей Селиверстов, сондай-ақ Чжан Хайдун, Чжан Юйи және Сунь Хуэйсинь. Камералық залда жеті концерт өтеді, олардың көпшілігін шетелдік әртістер – Иньяки Альберди (аккордеон, Испания), Кетеван Абиатари (сопрано, Италия / Грузия), Елизавета Александрова (арфа, Санкт-Петербург) өз өнерлерімен безендіреді. Меруерт Карменованың (Бельгия / Қазақстан), Генрик Венявский атындағы XVI Халықаралық скрипкашылар байқауының лауреатының концертін және Astana Piano Passion халықаралық байқауының лауреаттары Александр Кутузов пен Бекзат Рақымовтың (Алматы / Мәскеу) концертін ерекше атап өткім келеді.
Дирижерлік пультте әр түрлі күндері – Алан Бөрібаевты, Абзал Мұхитдиновты, Джузеппе Акуавиваны, Ерлан Бақтыгерейді, Руслан Баймурзин мен Эльмар Бөрібаевты көруге болады.
Фестивальдің көркемдік әралуандығын айқындайтын керемет финал – К.М.фон Вебердің «Еркін мерген» операсының концерттік орындалуы болады деп уәде етеді. Осылайша, «Астана Опера» өз өнерімен көрермендерді шабыттандыруға және таң қалдыруға қабілетті жетекші театр мәртебесін қайтадан растайды.
«Опералия» халықаралық музыкалық фестивалі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді