«Қазақконцертте» «Өмір – қазына» хореографиялық спектакль-концерті өтті

«Қазақконцертте» «Өмір – қазына» хореографиялық спектакль-концерті өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «BIRLIK» ансамблінің «Өмір – қазына» хореографиялық спектакль-концерті өтті.

Қойылым қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесі мен оның өмірдің әр кезеңіндегі рөлін көркемдік тұрғыда пайымдауға арналды. Би тілі, сахналық пластика және музыкалық сүйемелдеу арқылы көрермендерге кейіпкердің дүниеге келген сәтінен бастап келер ұрпаққа аманат етілетін рухани мұрасына дейінгі жолы ұсынылды.

Бағдарламаға «Жарысқазан», «Дүниеге келу», «Шілдехана», «Сәукеле. Қалыңдық. Қыз жасауы», «Қыз ұзату», «Той. Беташар», «Май құю», «Сәлем салу», «Аққу», «Аманат», «Жер-Ана» және басқа да хореографиялық композициялар енді. Әрбір қойылым отбасыға, ана болуға, ұрпақтар сабақтастығына және ұлттық мұраға құрметке қатысты дәстүрлерді, салт-жоралар мен құндылықтарды бейнеледі.

Іс-шараға сондай-ақ «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі және «Astana Musical» мемлекеттік театры қатысты.

31
13.03.2026