
Түркістанда Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтті.
Фестиваль сахнасында танымал орындаушылар мен жас өнерпаздар бас қосты. Кеш барысында қазақ эстрадасының алтын қорына енген әндер шырқалды.
Концерттік бағдарламаға «Жігіттер» квартеті, «Меломен», «Сарын», Turan Boys топтары, сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Әли Оқапов, Дүйімжан Таңатаров және басқа да өнерпаздар қатысты.
Жоба Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасын дәріптеуге және ұлттық эстрада классикасын жаңаша орындайтын жас өнерпаздарды қолдауға бағытталған. Алдағы уақытта фестивальді Түркістанның дәстүрлі мәдени жобаларының біріне айналдыру жоспарланып отыр.