«Симфония о любви»: концерт классической музыки прошел в «Қазақконцерт»

«Симфония о любви»: концерт классической музыки прошел в «Қазақконцерт»

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы жанындағы Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі «Махаббат симфониясы» атты классикалық музыка кешін ұсынды.

Концертте көрермен назарына Джузеппе Верди мен Джордж Гершвин шығармалары, Ромео мен Джульетта балетінен үзінділер ұсынылды. Бағдарламаның шоқтығы биік туындыларының бірі – Гершвиннің әйгілі «Көк рапсодиясы» болды.

Кеште Қазақстан Республикасы Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Қанат Омаров дирижерлік етті.

Италиядан келген пианист Джузеппе Гуллотта концерт солисі болды. Ол – Дж. Верди атындағы Милан консерваториясы мен Әулие Цецилия академиясының түлегі, Бузони конкурсының лауреаты және басқа халықаралық байқаулардың жеңімпазы.

27
28.02.2026