Алматыда «Қазақстанның ғалым әйелдері» жинағы таныстырылды

Алматыда «Қазақстанның ғалым әйелдері» жинағы таныстырылды

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерге арналған «Қазақстанның ғалым әйелдері» атты құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға архив мекемелерінің басшылары, архившілер, тарихшылар және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Басылым Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жеке тектік қорларында, сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу институттарының ведомстволық архивтерінде сақталған құжаттар мен материалдар негізінде әзірленген.

Жинақ ғылыми мұраны сақтау, қазақстандық ғалым әйелдердің еңбегін дәріптеу және жас ұрпақтың ғылымға қызығушылығын арттыру мақсатында жарық көрді.

74
23.11.2026