
Астананың Байқоңыр ауданында демалып жатқан мысық бейнеленген жаңа мурал пайда болды. Стрит-арт нысаны Ғабдуллин көшесі, 17/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің қабырғасына салынған.
Мурал аула мен оған іргелес жаяу жүргіншілер аймағына жаңа реңк беріп, қалалық кеңістікті көріктендіре түсті. Жасыл көзді мысықтың бейнесі аудан тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа фотозонаға айналды.
Жаңа туынды айналадағы сәулеттік ортамен үйлесім тауып, қала тұрғындарының назарын аударып үлгерді. Олар муралдың суреттерін әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.