Мехикода Димаш Құдайбергеннің концерттеріне орай арнайы автобус қатынай бастады

Мехикода Димаш Құдайбергеннің концерттеріне орай арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері ел астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода әлемге әйгілі қазақстандық әншінің алдағы концерттеріне арналған арнайы безендірілген автобус қатынай бастады.

Автобус 2026 жылғы 21 қарашаға дейін қала көшелерімен жүреді. Оның бағыты Мексика астанасының көрнекті орындары мен қозғалысы қарқынды аудандарын қамтиды. Атап айтқанда, автобус әйгілі Пасео-де-ла-Реформа даңғылы, Периферико айналма жолының солтүстік бөлігі, Ұлттық аудиториумның маңы, сондай-ақ Глориета-де-Петролеос пен Чапультепек аудандары арқылы өтеді.

Жобаны жүзеге асыру үшін Мехикодағы көлік қозғалысы ең қарқынды бағыттар таңдалған. Соның арқасында арнайы безендірілген автобус бір айға жуық уақыт бойы қаланың күнделікті көрінісінен орын алмақ.

Мексикалық жанкүйерлердің бұл бастамасы Димаш Құдайбергеннің әлемдік танымалдығын тағы бір мәрте айғақтады. Жоба арқылы қазақстандық өнерпаздың есімі Латын Америкасындағы ең ірі мегаполистердің бірінің қалалық ортасынан кеңінен көрініс тауып, Мехико тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды.

22
28.10.2026