Отбасылық шығармашылық тандем - «Жұлдызды гидтер» мұражайға келушілерге «Астана» залында тәуелсіз Қазақстанның астанасы ретінде қаланың пайда болу, қалыптасу және даму тарихын көрсететін маңызды нормативтік-құқықтық актілердің жинағы, экспонаттар, фотодокументтік материалдар туралы айтып берді.
Опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның айтуынша, экскурсоводтың рөлі - ол үшін ерекше, бірақ қызықты тәжірибе.
Айта кетейік, танымал «Жұлдызды гидтер» жобасы аясында Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева өздерінің жеке заттарының көрмесін ұсынды, оған марапаттар, ордендер, шығармашылық костюмдер, сондай-ақ әндер жинағы кіреді. Экспозициялар Ұлттық мұражайдың қорына берілді.
«Жұлдызды гид» жобасы Ұлттық мұражайда 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.