Киножобалар байқауы жақында басталады – Pitching 2024

Киножобалар байқауы жақында басталады – Pitching 2024

«2023 жылы министрліктің қолдауымен 2022 жылы басталған 14 көркем және 2 деректі фильмнің өндірісі аяқталды. 19 жаңа киножобаның өндірісі басталды. Ағымдағы жылы 2023 жылдың соңында іріктелген 18 жаңа киножобаның өндірісі аяқталады», - деп жақында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің бейнеүндеуінде атап өтті.

Сонымен қатар, министрлік киножобаны іріктеу ережелеріне өзгерістер енгізу мәселесін пысықтады. Атап айтқанда, бұл ұлттық фильм мәртебесіне үміткер киножобаларды қаржыландыру мен өндіруге қатысты. Бұл шара киножобаларды іріктеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және оңайлату мақсатында қабылданды.

«Жаңа ережелерге сәйкес, Ұлттық киноны қолдау орталығы сценарийлерді қабылдайды, олардың ішіндегі ең жақсыларын сараптамалық кеңес іріктейді. Басым тақырыптардың қатарында ұлттық мүдделерге, идеологияға жауап беретін тақырыптар бар. Жақын арада жаңа форматтағы конкурс жарияланады», – деп атап өтті министр.

Байқаулық іріктеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Сараптамалық кеңес тек сценарийлер мен сценарийлік жоспарларды қарастырады.
Екінші кезеңде іріктеуден өткен сценарийлердің авторлары киножобаларды іске асыру үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс. Байқаудың ашықтығы үшін онлайн трансляция арқылы өткізіледі. Сараптамалық кеңес шығарған әрбір жоба бойынша қорытынды Кино орталығынан Ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі.

Киножобаларды қаржыландыру туралы соңғы шешімді Министрлік тек байқаулық іріктеу нәтижелері бойынша қабылдайтын болады.

Өзгерістермен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасының төрағасы Құрманбек Жұмағали да бөлісті: «кандидаттар сценарийді конкурстың жариялануы туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Орталыққа электронды түрде жіберуі тиіс. Бүгінгі есептеу бойынша өтінім берушілерге толық дайындық үшін сценарий жазуға 3 ай берілді. Отандық киноиндустрия өкілдері осы уақыт ішінде ұлттық идеологияға сәйкес келетін керемет нәрсе жасайды деп үміттенеміз!», - деді Қ. Жұмағали.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық киноны қолдау орталығы өзінің ресми сайтында 2024 жылға арналған басым тақырыптарды жариялаған болатын.

640
07.04.2024