Абайдың рухани мұрасы: Алматыда ұлы ақынның 180 жылдығына арналған мәдени кеш өтті

Абайдың рухани мұрасы: Алматыда ұлы ақынның 180 жылдығына арналған мәдени кеш өтті

2025 жылдың 8 тамызы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры бірлесіп, қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, кемеңгер Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты әдеби-сазды танымдық кеш ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Абай Құнанбаевтың бай шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа рухани-мәдени тәрбие беру, ұлттық құндылықтар мен қазақ руханиятына баулу, сондай-ақ ақынның өнегелі өмірі мен терең ой-толғамдарын көпшілікке кеңінен таныту болды.

Кеш барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртістері өнер көрсетіп, Абай әлеміне терең бойлауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар кеш аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқаудың жеңімпаздарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде оқушылардың ұлы ақын шығармашылығына арналған суреттері мен қолданбалы өнер туындылары қойылды.

Бұл кеш ұлы Абай мұрасының мәңгілік сақталып, жас ұрпақ үшін маңызын айшықтай түсті.

282
08.08.2025